Samsung NQ 50 H 5533 KS/WT [169/240] Автоматты түрде жылдам жібіту параметріне қатысты нұсқау

Samsung NQ 50 H 5533 KS/WT [169/240] Автоматты түрде жылдам жібіту параметріне қатысты нұсқау



Келесі кестеде әртүрлі автоматты жібіту бағдарламалары, тағамның мөлшері, қоя тұру уақыты мен тиісті
ұсыныстар берілген. Бұл бағдарламалар тек микротолқын қуатын ғана қолданады. Жібітуді бастамай
тұрып орам материалдарының барлығын алыңыз. Ет, құс еті мен балықты керамика табаққа салыңыз.








d:01 Ет 0,2-1,5 Керамика
таба
1 Шеттерін алюминий фольгамен жабыңыз.
Пеш сигнал берген кезде етті аударыңыз.
Бұл сиыр, қой, шошқа етін, стейк, туралған
ет, фаршталған етті пісіруге жарайтын
бағдарлама.
d:02 Құс еті 0,2-1,5 Керамика
таба
1 Сирақтары мен қанаттарының ұшын
алюминий фольгамен жабыңыз. Пеш сигнал
берген кезде құс етін аударыңыз. Бұл бүтін
тауықты да, сонымен қатар бөлшектелген
тауық етін де пісіруге жарайтын бағдарлама.
d:03 Балық 0,2-1,5 Керамика
таба
1 Бүтін балықтың құйырығын алюминий
фольгамен жабыңыз. Пеш сигнал берген
кезде балықты аударыңыз.
Бұл бүтін балықты да, балық филесін де
пісіруге жарайтын бағдарлама.
d:04 Нан/Торт 0,1-0,8 Керамика
таба
1 Нанды ас үй қағазына қойыңыз да, пеш
сигнал берген кезде аударыңыз. Тортты
керамика табаға қойып, егер мүмкін болса,
пештен сигнал естілген бетте аударыңыз.
(Пеш жұмыс жасай береді, есікті ашқан кезде
тоқтап қалады.) Бағдарлама нанның туралған,
туралмаған барлық түрлеріне, сонымен
қатар булочка мен багетаға да жарайды.
Булочкаларды айналдыра қойыңыз.
Бұл бағдарлама ашыған қамырдан жасалған
торт, печенье, чизкейк және ашымаған
қамырдан жасалған кондитер өнімдерінің
барлығына сай келеді. Бұл шала ашыған/
қытырлақ кондитер өнімдері, жеміс және
кремі бар торттарға, сонымен қатар үсті
шоколадпен безендірілген торттарға сай
келмейді.
d:05 Жеміс 0,1-0,6 Керамика
таба
1 Мұздатылған жемісті керамика табаға біркелкі
таратып салыңыз. Бұл бағдарлама жидек,
аралас жидек және тропикалық жемістер үшін
қолдануға жарамды.
Жылдам жібіту режимі тағамды қыздыру үшін микротолқын қуатын қолданады.
Сондықтан да, тағам пісіру үшін қолданылатын ыдыстар мен басқа да микротолқынға қатысты
сақтық шараларын, бұл режимді қолданғанда мұқият сақтау керек.
NQ50H5533KS_WT_DE68-04306L-00_KK.indd 49 2014-10-16  3:12:52

Содержание

Похожие устройства