Samsung NQ 50 H 5533 KS/WT [170/240] Таза буға пісіру бойынша нұсқау

Samsung NQ 50 H 5533 KS/WT [170/240] Таза буға пісіру бойынша нұсқау


Таза бу кәстрөлі бумен пісіру принципіне негізделген және тағамды Samsung микротолқынды пешінде
жылдам, әрі денсаулыққа пайдалы етіп пісіруге арналған.
Бұл құрал күріш, макарон, көкөніс т.с.с. тағамдардың табиғи құнарлылығын сақтай отырып, өте
жылдам пісіруге арналған.
Микротолқынды пештің таза бу кәстрөлі 3 керек-жарақтан тұрады:
Кәстрөл Науа Қақпақ
Бұл керек-жарақтардың барлығы -20 °C градустан бастап, 140 °C градус қызуға төзеді.
Мұздатқышта сақтауға жарамды. Жеке-жеке немесе бірге қолдануға да болады.

Қолданбаңыз:
Құрамында қанты немесе майы өте көп тағамдарды пісіру үшін.
Гриль құрылғысын немесе қызуды айналдыратын функцияны қолданып, не пештің
үстіне қойып қолданыңыз.
Ең алғаш қолданар алдында барлық керек-жарақтарын сабынды сумен жақсылап
жуыңыз.
Пісіру уақыттарын келесі беттегі кестеде көрсетілген нұсқаулардан қараңыз.

Осы бу кәстрөлін ыдыс жуғыш машинаға салып жууға болады.
Қолмен жуған кезде, ыстық су мен жуғыш сұйықты қолданыңыз.
Жеміргіш сүрткіштерді қолданбаңыз.
Кейбір тағамдар (қызанақ тәрізді) пластиктің өңін кетіруі мүмкін.
Бұл қалыпты жағдай және өндіруші жіберген ақау емес.

Мұздатылған тағамды қақпағы жабылмаған бу кәстрөліне салыңыз.
Тағамның сұйығы ыдыстың түбінде қалады да, тағамға әсер етпейді.
NQ50H5533KS_WT_DE68-04306L-00_KK.indd 50 2014-10-16  3:12:52

Содержание

Похожие устройства