Samsung NQ 50 H 5533 KS/WT Инструкция по эксплуатации онлайн [128/240] 300119

Samsung NQ 50 H 5533 KS/WT Инструкция по эксплуатации онлайн [128/240] 300119
Бұл құрылғы ЕО стандарттарына сай келеді
Орам материалдары мен құрылғыны тастау
Орам материалдарын қайта өңдеуден өткізуге болады.
Орам материалдары келесі материалдардан тұрады:
- картон;
- полиэтилен таспа (PE);
- Фреонсыз полистирол (қатты полистирол көбік).
Осы материалдарды мемлекеттің заңнамаларына сай,
жауапкершілікпен тиісінше тастаңыз.
Тұрмыстық құрылғыларды жауапкершілікпен дұрыс тастау
туралы ақпаратты әкімшілік мекеме бере алады.

Бұл құрылғыны тек білікті маман ғана қосуға тиіс.
Бұл пеш коммерциялық мақсатта тағам пісіретін жерде
қолдануға арналмаған. Бұл пешті тек үйде тағам пісіру үшін
ғана қолданыңыз. Құрылғы іске қолданылып тұрғанда және
қолданып болғаннан кейін ыстық болып тұрады.
Жас балалар болған жағдайда абай болыңыз.

Құрылғы жалғанып тұрған үй желісі мемлекеттік және
жергілікті ережелерге сай келуі керек. Құрылғыны орнатып
болғаннан кейін электр желісінен ағыту мүмкін болуға тиіс.
Құрылғыны желіден ағыту үшін оның ашасы қол жететін
жерде тұруға тиіс немесе сымға қолданыстағы ережеге сай
айырып-қосқыш орнатылуға тиіс.

Пешке тиіп тұратын ас үйдегі шкафтар 100 °C градусқа
дейін қызуға төзімді болуға тиіс.
Шкафтарға қызу әсерінен тиген зақымдарға Samsung
жауапкершілік көтермейді.

NQ50H5533KS_WT_DE68-04306L-00_KK.indd 8 2014-10-16  3:12:39

Содержание

Похожие устройства