Scarlett IS-550 [49/56] Жұмыс

Scarlett IS-550 [49/56] Жұмыс
47
KZ
ЖАБДЫҚ НҰСҚАУЫ
“ЖЫЛДАМ БУ” ҚЫЗМЕТІ
Егер жылытқыш элементке саптаманы тілікпен
төмен орнатса, булы пісіргішті қосқаннан соң бу 35
секундтан кейін пайда болады.
ЖҰМЫС
Булы пісіргішті тұрақты, горизонтальды үстіге
орнатыңыз.
Суды су деңгейінің сыртқы шәкіліне қарап отырып,
арнайы саңылаулар арқылы құйыңыз.
Ыдысқа тек таза су құйыңыз; басқа сұйықтықтар мен
тағамдық үстемелерді қосуға болмайды. Ыдыста
суды ең көп және ең аз мөлшерде құюға арналған
белгішелер бар: судың деңгейі солардың арасында
болуға тиіс.
Жиналған су тамшыларын жинауға арналған науаны
тұғырға қойыңыз.
Алмалы науаларды оларға салынған нөмірлерге
қарай отырып, алмалы шығырлармен дәл келтіріңіз.
Дискіні №2 науаның ортасына қойыңыз.
Азық-түлікті салғаннан кейін буға арналған
сауыттарды тұғырға қойыңыз, астынан бірінші
нөмірден бастап, нөмірлерге сәйкес ретпен
орналастырыңыз.
ЕСКЕРТУ: Ыдыстағы судың ең төменгі деңгейден
төмен түсуіне жол бермеңіз.
Ұзағырақ пісетін азық-түлікті (мысалы, іріректерін
немесе басқаларын) әрқашан да астыңғы бу
сауытына салыңыз.
Егер тамақ дайындау кезінде су қалыпты мөлшерден
аза болып қалса, бу сауыттарды алмастан, оны су
құятын саңылаулар арқылы құюға болады.
Бағдарламаны таңдаңыз немесе температураны
қолмен қойыңыз (төмендегі нұсқауларды қараңыз).
Қалаған уақытты орнатқаннан кейін СТАРТ түймешігін
басыңыз. Бейнебетте тамақ дайындау индикаторы
жыпылықтай бастайды.
Тамақ дайындауды тоқтату үшін STOP түймешігін
басыңыз.
Егер уақытты орнатқаннан кейін бір минут өткенде
START түймешігі басылмаса, бейнебет сөніп қалады.
Тамақ дайындау циклы аяқталғанда, дыбыстық белгі
беріледі.
Бағдарламаны қайтадан таңдау үшін START
түймешігін басыңыз.
КҮРІШ САЛАТЫН ШАРА
Күріш салатын шараға күрішті немесе басқа азық-
түлікті салып, су, тұздық немесе т.б. қосыңыз.
Қақпағын жабыңыз. Бу қасқанды электр желісіне
жалғаңыз.
Дыбыстық белгі беріліп, бейнебет сөнгеннен кейін
MENU түймешігін басыңыз.
ТАМАҚ ДАЙЫНДАУ БАҒДАРЛАМАСЫН ТАҢДАУ
MENU түймешігін басып, орнатылған тамақ дайындау
бағдарламаларының бірін таңдаңыз:
Асшаян: 10 мин.
Жұмыртқа: 12 мин.
Балық: 15 мин.
Көкөніс: 20 мин.
Тауық еті: 30 мин.
Күріш: 40 мин.
Температураны сақтау: 10 мин.
Берілген бағдарламалардың кез келгенінде +/-
түймешіктерін пайдалана отырып, тамақ дайындау
уақытын реттеуге болады.

Содержание