Bosch PLR 50 C (603672220) [126/303] Батареяларды енгізу алмастыру

Bosch PLR 50 C (603672220) [126/303] Батареяларды енгізу алмастыру
126 | Қазақ
Жинау
Батареяларды енгізу/алмастыру
Өлшеу құралы үшін алкалин марганец батареясын немесе аккумуляторын
пайдалану ұсынылады.
1,2 В аккумулятормен 1,5 В батареялардан азырақ өлшеу әрекеттерін орындауға
болады.
Батарея бөлімінің қақпағын (4) ашу үшін тіреуіш тақтаны (3) ашып, ысырманы (5)
көрсеткі бағытымен басыңыз және қақпақты шешіңіз. Батареяны немесе
аккумуляторды енгізіңіз. Батарея бөлімінің ішіндегі суретте көрсетілгендей
полюстердің дұрыс орналасуын қамтамасыз етіңіз.
Батарея белгісі дисплейде бірінші рет пайда болғанда, кемінде 100 өлшеу
әрекетін орындауға болады. Батарея белгісі бос болса, батареяларды немесе
аккумуляторды алмастыру қажет, өлшеулерді орындау мүмкін емес.
Барлық батареялар немесе аккумуляторларды бірдей алмастырыңыз. Тек бір
өңдірушінің және қуаты бірдей батареялар немесе аккумуляторларды
пайдаланыңыз.
u Өлшеу құралын ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, батареяларды немесе
аккумуляторларды өлшеу құралынан шығарып алыңыз. Ұзақ уақыт жатқан
батареялар немесе аккумуляторлар тот басуы және зарядын жоғалтуы мүмкін.
Пайдалану
Сенсорлық экранды пайдалану
u Сенсорлық экран зақымдары көрінетін болса (мысалы, беттегі сызаттар
және т.б.), өлшеу құралын пайдаланбаңыз.
A
C
B
Дисплей күй панелі (A) және сенсорлық экран (B) аймақтарында
мәзір панелімен (C) бөлінеді.
Күй панелі Bluetooth® қосылым күйін, температура туралы
ескертуді және батареялар/аккумуляторлар зарядының деңгейін
көрсетеді.
Сенсорлық экран арқылы өлшеу құралын түймені түртіп
басқаруға болады.
Мәзір панелінде қосымша функциялар бар (мысалы, Bluetooth® қосу/өшіру, мәзір,
жою).
Сенсорлық экранды пайдалану үшін тек саусақтарды пайдаланыңыз.
1 609 92A 4P2 | (18.01.2019) Bosch Power Tools

Содержание

Скачать