Bosch PLR 50 C (603672220) [127/303] Қосу өшіру

Bosch PLR 50 C (603672220) [127/303] Қосу өшіру
Қазақ | 127
Тиісті түймені (пернені) кішкене түртіңіз. Сенсорлық экранды қатты қысыммен
немесе өткір заттармен түртпеңіз.
Сенсорлық экранға басқа электр құрылғыларын немесе суды тигізбеңіз.
Сенсорлық экранды тазалау үшін өлшеу құралын өшіріп, қоқысты, мысалы,
микроталшықты шүберекпен сүртіңіз.
Пайдалануға ендіру
u Қосулы зарядтау құралын бақылаусыз қалдырмаңыз және өлшеу құралын
пайдаланудан соң өшіріңіз. Лазер сәулесімен адамдардың көзін шағылыстыру
мүмкін.
u Өлшеу құралын сыздан және тікелей күн сәулелерінен сақтаңыз.
u Өлшеу құралына айрықша температуралар немесе температура
тербелістері әсер етпеуі тиіс. Оны, мысалы, автокөлікте ұзақ уақытқа
қалдырмаңыз. Үлкен температура тербелістерінің жағдайында өлшеу құралын
қолданысқа енгізбес бұрын оның температурасын дұрыс пайдаланыңыз.
Айрықша температуралар немесе температура тербелістерінің жағдайында
өлшеу құралының дәлдігі төмендеуі мүмкін.
u Өлшеу құралын қатты соққыдан немесе құлаудан қорғаңыз. Өлшеу құралына
сыртқы қатты әсер етілгеннен кейін өлшеу құралының жұмысын жалғастырудан
бұрын әрдайым дәлдік тексерісін орындаңыз ((қараңыз „Дәлдікті тексеру және
көлбеуді өлшеуді калибрлеу“, Бет134), (қараңыз „Қашықтықты өлшеудің
дәлдігін тексеру“, Бет134)).
Қосу/өшіру
Өлшеу құралын қосу үшін өлшеу түймесін (1) қысқа мерзімде басыңыз. Өлшеу
құралын қосу кезінде лазер сәулесі қосылмайды.
Өлшеу құралын өшіру үшін өлшеу түймесін (1) ұзақ басыңыз.
Егер шамамен 5минуттан кейін өлшеу құралында ешбір түйме басылмаса, өлшеу
құралы батареялардың/аккумуляторлардың зарядын үнемдеу үшін автоматты түрде
өшеді. Өшіру кезінде сақталған мәндердің барлығы жойылмайды.
Bosch Power Tools 1 609 92A 4P2 | (18.01.2019)

Содержание

Скачать