Bosch PLR 50 C (603672220) [134/303] Дәлдікті тексеру және көлбеуді өлшеуді калибрлеу

Bosch PLR 50 C (603672220) [134/303] Дәлдікті тексеру және көлбеуді өлшеуді калибрлеу
134 | Қазақ
Өлшеу аймағына тиетін әсерлер
Өлшеу аймағы жарықтық жағдайы мен мақсатты жазықтықтың қайтарғыштығына
байланысты болады. Сыртта жұмыс істеу кезінде және қатты күн жарығында лазер
сәулесінің көрерлігін жақсарту үшін лазер көру көзілдірігін (10) (керек-жарақ)
және лазер нысандық тақтасын (11) (керек-жарақ) тағыңыз немесе мақсатты
жазықтықты өшіріңіз.
Өлшеу нәтижесіне тиетін әсерлер
Физикалық әсерлерден түрлі беттердегі өлшеулер дұрыс орындалмауы мүмкін.
Мұндай беттерге төмендегілер жатады:
мөлдір беттер (мысалы, әйнек, су),
шағылысатын беттер (мысалы, жылтыраған метал, әйнек)
борқылдақ беттер (мысалы, оқшаулау материалдары),
құрылымдық беттер (мысалы, сылақ, табиғи тас).
Осы беттерде лазер нысандық тақтасын (11) (керек-жарақ) қажетінше
пайдаланыңыз.
Қате өлшеулер қисық көзделген насандық аймақтарда да орындалуы мүмкін.
Температурасы әртүрлі ауа қабаттары немесе көлбеу шағылысу өлшеу нәтижесіне
теріс әсер етуі мүмкін.
Дәлдікті тексеру және көлбеуді өлшеуді калибрлеу
"Көлбеуді өлшеу", "Сандық ватерпас" және "Жанама қашықтықты өлшеу"
режимдерінде көлбеу датчигі қолданылады. Осы режимдер пайдаланылған кезде,
біз жүйелі түрде калибрлеуге кеңес береміз (қараңыз „Негізгі реттеулер мәзірі“,
Бет129). Сенсорлық экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Үлкен температура ауысуынан немесе соққылардан соң дәлдікті тексеруді және
керек болса өлшеу құралын калибрлеуді ұсынамыз. Температура ауысуынан соң
көлбеуді калибрлеуден алдын өлшеу құралы температурасын дұрыстауы керек.
Температура қатты өзгерсе, өлшеу құралы автоматты калибрелуді ұсынады.
Қашықтықты өлшеудің дәлдігін тексеру
Қашықтықты өлшеудің дәлдігін төмендегідей тексеріңіз:
Ұзындығын өзіңіз дәл білетін, ұзақ уақыт өзгермейтін шам. 3–10м өлшеу
қашықтығын таңдаңыз (мысалы, бөлме ені, есік ойығы). Өлшеу қашықтығы
бөлме ішінде болуы керек, өлшеудің мақсатты жазықтығы тегіс және жақсы
қайтаратын болуы керек.
Қашықтықты бірінен кейін бірін 10 рет өлшеңіз.
Бөлек өлшеулердің орташа көлемнен ауытқуы ең көбі ±2мм болуы керек.
Өлшеулерді жазып, дәлдігін тексеріңіз.
1 609 92A 4P2 | (18.01.2019) Bosch Power Tools

Содержание

Скачать