Bosch PLR 50 C (603672220) [128/303] Өлшеу процесі

Bosch PLR 50 C (603672220) [128/303] Өлшеу процесі
128 | Қазақ
Өлшеу процесі
Қосылғаннан кейін өлшеу құралы ұзындық өлшеу функциясында
тұрады. Басқа өлшеу функцияларын (k) түймесін басу арқылы
реттеуге болады (қараңыз „Өлшеу функциялары“, Бет129).
Өлшеудің негізгі жазықтығы қосылғаннан кейін өлшеу құралының
артқы жиегі таңдалады. (e) түймесін басу арқылы негізгі
жазықтықты өзгертуге болады (қараңыз „Негізгі жазықтықты
таңдау (ACсуреттерін қараңыз)“, Бет128).
Өлшеу құралын таңдалған негізгі жазықтықпен өлшеудің қажетті
бастау нүктесіне (мысалы, қабырғаға) қойыңыз.
Лазер сәулесін қосу үшін өлшеу түймесін (1) қысқа мерзімде басыңыз.
u Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және тіпті
алыстан болсын жарық сәулесіне өзіңіз қарамаңыз.
Лазер сәулесімен мақсатты жазықтықты белгілеңіз. Өлшеуді іске қосу үшін өлшеу
түймесін (1) қысқа мерзімде басыңыз.
Ұзақтықты өлшеу функциясында өлшеу түймесі (1) алғаш рет басылғаннан кейін
өлшеу басталады.
Өлшеу мәні әдетте 0,5 секунд ішінде және көп дегенде 4 секундтан кейін
көрсетіледі. Өлшеу ұзақтығы қашықтыққа, жарықтық жағдайы мен мақсатты
жазықтықтың қайтару қасиеттеріне байланысты болады.
Шамамен 20секунд көздегеннен кейін өлшеу орындалмаса, лазер сәулесі
батареялардың зарядын сақтау үшін автоматты түрде өшеді және дисплей
күңгірттеледі.
Кіріктірілген анықтама функциясы
Өлшеу құралында әрбір өлшеу функциясы үшін анимация түрінде
анықтама беріледі. Алдымен (k) түймесін, содан кейін қажетті
өлшеу функциясын таңдаңыз. Анимация таңдалған өлшеу
функциясы арналған толық әдісін көрсетеді.
Анимацияны әрдайым тоқтатып, қайта іске қосуға болады. Алға
немесе кері айналдыруға болады.
Негізгі жазықтықты таңдау (A–Cсуреттерін қараңыз)
Өлшеу үшін үш түрлі негізгі жазықтықтың арасынан таңдауға болады:
өлшеу құралының артқы жиегі (мысалы, қабырғаға орналастырғанда),
180°-қа ашылған тіреуіш тақта (3) (мысалы, бұрыштардан өлшегенде),
1 609 92A 4P2 | (18.01.2019) Bosch Power Tools

Содержание

Скачать