Bosch PLR 50 C (603672220) [130/303] Көлемді өлшеу

Bosch PLR 50 C (603672220) [130/303] Көлемді өлшеу
130 | Қазақ
Көлемді өлшеу
Көлемді өлшегенде ұзындығын, енін және биіктігін дәйекті түрде ұзындықты
өлшегендей өлшеңіз. Үш өлшеу арасында лазер сәулесі қосулы болып қалады.
Үшінші өлшеуді аяқтағаннан кейін көлем автоматты түрде есептеліп көрсетіледі.
(k) түймесін басып, көлемді өлшеу түймесін таңдаңыз.
Ұзындықтарды, аудандарды, көлемдерді қосу/алу
Ұзындықтарды, аудандарды немесе көлемдерді қосу/алу функциясының көмегімен
ұзындықтарды, аудандарды немесе көлемдерді бөлек өлшеп, оларды автоматты
қосуға және алуға болады (мысалы, материалдарды есептеу кезінде пайдалы).
(k) түймесін басып, ұзындықты өлшеу , ауданды өлшеу немесе көлемді
өлшеу түймесін таңдаңыз.
түймесі "+" және "–" арасындағы таңдауға немесе жаңа есептеуді бастауға
мүмкіндік береді. Қосуды/алуды аяқтау үшін өлшеу түймесін (1) басыңыз.
9999999м
3
шамасынан артық мәндер немесе –999999м
3
шамасынан кем мәндер
көрсетілмейді, дисплейде "ERROR" жазбасы көрсетіледі.
Жанама қашықтықты өлшеу
Нұсқау: жанама қашықтықты өлшеудің дәлдігі әрдайым тікелей қашықтықты
өлшеуден төменірек болады. Пайдалану жағдайына байланысты ретте өлшеу
қателігі тікелей қашықтықты өлшеу қателігінен үлкен болады. Өлшеу дәлдігін
жақсарту үшін өлшеу құралын тұрақты тіреуіш және қондырма жерге қоюды
ұсынамыз.
Жанама қашықтықты өлшеу сәуле жолында кедергі тұруы немесе нысандық аймақ
қайтаратын жер ретінде қолжетімді болмауы себебінен тікелей өлшенбейтін
қашықтықтарды өлшеуге қызмет етеді. Осы өлшеу әдісін тек тік бағытта пайдалану
мүмкін. Көлденең бағыттағы ауытқу өлшеу қателіктеріне алып келеді.
Жанама қашықтықты өлшеу үшін үш өлшеу функциясы бар, олар арқылы түрлі
қашықтықтарды өлшеуге болады.
a) Жанама биіктікті өлшеу
(k) түймесін басып, жанама биіктікті өлшеу түймесін таңдаңыз.
Өлшеу құралының төменгі өлшеу нүктесімен бір биіктікте болуына көз жеткізіңіз.
b) Қос жанама биіктікті өлшеу
(k) түймесін басып, қос жанама биіктікті өлшеу түймесін таңдаңыз.
Өлшеудің негізгі жазықтығы (мысалы, өлшеу құралының артқы жиегі) барлық өлшеу
әрекеттеріндегідей өлшеу әдісінде бір жайда болады.
1 609 92A 4P2 | (18.01.2019) Bosch Power Tools

Содержание

Скачать