Stihl RM 253.0 T (INT1) [340/358] Жұмыс уақытында

Stihl RM 253.0 T (INT1) [340/358] Жұмыс уақытында
0478 111 9839 B - KK
338
Жұмыс аумағын мұқият қарап шығыңыз
жəне одан барлық тастар, таяқтар, сым
кесектері, сүйектер жəне көгалшапқыш
үстіге лақтырып қалуы мүмкін басқа да
бөгде заттарды алып тастаңыз. Биік
шөпте ағаш түбірі мен ағаш
томары секілді кедергіні байқамай
кетуге де болады.
Сондықтан көгалшапқышпен жұмыс
бастамас бұрын шөп алаңында қалып
қойған барлық кетірілмейтін бөгде
заттарды (кедергілерді) белгілеп қою
керек.
Құрылғыны пайдаланар алдында
ақауларды жойып, барлық тозған жəне
зақым келген бөлшектерді алмастыру
керек. Құрылғыдағы анық емес немесе
зақымдалған қауіп жəне ескерту
белгілерін жаңартыңыз. STIHL
делдалыңызда қосалқы жапсырмалар
мен барлық басқа қосалқы бөліктер бар.
Тек қолданысқа жарамды күйдегі
құрылғыны қолданыңыз. Жұмысты
бастау алдында төмендегілерді тексеру
керек:
құрылғының дұрыс орнатылғанын.
кескіш құрал жəне бүкіл кескіш
бөліктің (шапқыш пышағы, бекіткіш
элементтер, көгалшапқыштың
корпусы) мінсіз күйін. Бас назарды
берік орнатылғанына, бүлінген
(жарықтар немесе сызаттар),
сондай-ақ тозған жерлердің бар-
жоғына аударыңыз.(Ö 11.4)
бак қақпағы дұрыс орнатылғанын.
бак пен жанармай өткізетін
бөліктердің, сондай-ақ, бак
қақпағының мінсіз күйінде екендігін.
қауіпсіздік құрылғылары
(мысалы, қозғалтқышты тоқтату
тұтқасы, лақтырманың қақпағы,
корпус, бас тұтқа, қорғаныш тор)
қалыпты күйінде екендігін жəне
тиісінше жұмыс істеп тұрғанын.
шөп жинағышта зақымдалған
жерлердің бар-жоғын жəне дұрыс
орнатылғандығын; зақымдалған шөп
жинағышты қолдануға болмайды.
бұрандалы тығынның майлы
сұйыққоймаға дұрыс бұрап
бекітілгенін.
Қажет болса, барлық қажетті
жұмыстарды орындаңыз немесе
делдалға хабарласыңыз. STIHL
компаниясы STIHL делдалдарын
ұсынады.
4.6 Жұмыс уақытында
Жануарлар немесе құстар,
əсіресе балалар қауіпті
аумақта болғанда, ешбір
жағдайда жұмыс істемеңіз.
Құрылғыға орнатылған ауыстырып-
қосқыштар мен сақтандырғыш
құрылғыларды алуға немесе қайта
қосуға болмайды. Əсіресе,
қозғалтқышты тоқтату тұтқасын бас
тұтқаға бекітуге тыйым салынады
(мысалы, байлау арқылы).
Назар аударыңыз: жарақат
алу қаупі бар!
Айналмалы бөлшектердің
жанына қол-аяқтарыңызды
ешқашан жақындатпаңыз. Айналмалы
пышақты ұстамаңыз. Қалдықтарды
лақтыратын саңылаудан едəуір
қашықтықта тұрыңыз.
Жұмыс істеп тұрған шапқыштан əркез
қауіпсіз қашықтықта тұрыңыз. Тұтқасы
тиісті тұрпатта монтаждалуға тиіс,
құрылымына еш өзгеріс енгізуге
болмайды. Тұтқасы жиналып қойылған
көгалшапқышты ешқашан
қолданбаңыз.
Ешбір жағдайда заттарды меңгерікке
қыстырмаңыз (мысалы, жұмыс киімін).
Жұмысты күндіз немесе жеткілікті
дəрежедегі жасанды жарық болған
жағдайда ғана орындаған жөн.
Құрылғымен жаңбыр, күн күркірегенде
жəне əсіресе найзағай жарқылдағанда
жұмыс істеуге болмайды.
Су жерлерде орнықты
тұрмайтындықтан жазатайым оқиға
қаупі артады.
Жұмыс барысында сырғанап кетпеу
үшін ерекше абай болған жөн.
Мүмкіндігінше құрылғыны дымқыл
жерлерде қолданудың алдын алу керек.
Пайдаланылып болған газ:
Қозғалтқыш əзірше істеп
тұрғанша құрылғы
пайдаланылып болған газды
шығарады. Бұл газдардың
құрамында улы көміртегінің қос тетігі,
түссіз жəне иіссіз газ, жəне басқа да
Улану арқылы өлім қауіп-қатері
бар!
Жүрегіңіз айныған, бас ауырған,
көру қабілетіңіз нашарлаған
(мысалы, көру ауқымы азайса),
есту қабілетіңіз нашарласа,
басыңыз айналса, зейін қою
қабілеті төмендесе, жұмысты
дереу тоқтатыңыз. Бұл
симптомдар жанатын өнімдердің
жоғары мөлшеріне байланысты
болуы мүмкін.

Содержание

Похожие устройства

Скачать