Grundfos JP 5-48 PT-H (99463877) [22/81] Қосалқы тораптар мен бөлшектерді дайындау және өздігінен қайта жабдықтау

Grundfos JP 5-48 PT-H (99463877) [22/81] Қосалқы тораптар мен бөлшектерді дайындау және өздігінен қайта жабдықтау
22
Қазақша (KZ)
1.3 Қызмет көрсетуші қызметкерлер
біліктілігі және оқыту
Пайдалану, техникалық қызмет көрсету, бақылау
және жабдықты құрастыру жұмыстарын
орындайтын қызметкерлер орындалатын
жұмысқа сәйкес біліктілікке ие болуы керек
Қызметкерлердің жауапты болатын және
олардың бақылауы тиіс мәселелердің шеңбері,
сонымен қатар оның құзырет саласы тұтынушы
арқылы нақты анықталуы керек
1.4 Қауіпсіздік техникасы бойынша
нұсқауларын орындамаудан
болатын қауіпті салдар
Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқауларды
орындамау адамның денсаулығы мен өміріне
қауіпті салдарларды туғызып қана қоймайды,
қоршаған орта мен жабдықтар үшін де қауіп
төндіре алады Қауіпсіздік техникасындағы
нұсқауларды орындамау өтемақыны қайтару
бойынша барлық кепілдік міндеттемелерінің
күшін жоюы мүмкін
Әсіресе, қауіпсіздік техникасы талаптарын
орындамау келесі қауіптерді тудыруы мүмкін:
жабдықтың негізгі функцияларының бұзылуы;
алдын-ала жазылған техникалық қызмет
көрсету мен жөндеу әдістерінің
жарамсыздығы;
электр немесе механикалық факторлардың
әсер етулеріне байланысты қызметкерлердің
денсаулығы мен өміріне қауіпті жағдай тудыру
1.5 Қауіпсіздік техникасын сақтаумен
жұмыстар орындау
Жұмыстарды атқару кезінде осы құжатта
келтірілген қауіпсіздік техникасы бойынша
нұсқаулар, қауіпсіздік техникасы бойынша
қолданыстағы ұлттық ұйғарымдар, жұмыстарды
орындау, тұтынушыдағы қолданыстағы
жабдықтарды пайдалану мен қауіпсіздік
техникасы сақталулары керек
1.6 Тұтынушыға немесе қызмет
көрсетуші қызметкерлерге
арналған қауіпсіздік техникасы
нұсқаулары
Егер жабдықтар пайдалануда болса, қолда
бар жылжымалы тораптардың қорғаныс
қоршауларын демонтаждауға тыйым
салынады
Электр энергиясымен байланысты қауіптердің
пайда болу мүмкіншіліктерін болдырмау қажет
(толығырақ мәлімет алу үшін, мәселен ЭҚЕ
және жергілікті энергиямен жабдықтаушы
кәсіпорындардың ұйғарымдарын
қарастырыңыз)
1.7 Техникалық қызмет көрсету,
бақылау және монтаждау
жұмыстарын орындау кезіндегі
қауіпсіздік техникасы нұсқаулары
Тұтынушы барлық техникалық қызмет көрсету,
бақылау және монтаждау бойынша барлық
жұмыстардың орындалуларын монтаждау және
пайдалану бойынша нұсқаулықты толық зерттеу
барысында жеткілікті шамада олармен
таныстырылған және осы жұмыстарды
орындауға рұқсат берілген білікті мамандармен
қамтамасыз етуі керек
Барлық жұмыстар міндетті түрде жабдық сөніп
тұрған жағдайда атқарылуы тиіс Жабдықты
тоқтату кезінде монтаждау және пайдалану
нұсқаулығында көрсетілген жұмыс тәртібі
сақталуы керек
Жұмыстар аяқталған кезде барлық
демонтаждалған қорғаныс және сақтандырғыш
құрылғылар қайта орнатылуылары немесе қайта
іске қосылулары керек
1.8 Қосалқы тораптар мен бөлшектерді
дайындау және өздігінен қайта
жабдықтау
Құрылғыларды қайта жабдықтау немесе
түрлендіру жұмыстарын тек өндірушімен келісу
бойынша орындауға рұқсат етіледі
Фирмалық қосалқы тораптар мен бөлшектер,
сонымен бірге өндіруші фирма арқылы қолдануға
рұқсат етілген толымдағыштар пайдалану
сенімділігімен қамтамасыз етеді
Басқа өндірушілердің тораптар мен бөлшектерді
қолдануы, өндірушінің осының салдарынан
пайда болған жауапкершіліктен бас тартуына
әкелуі мүмкін
1.9 Рұқсат етілмейтін пайдалану
режимдері
Жеткізілуші жабдықтардың пайдаланушылық
сенімділігіне 6.Қолданылуаясыбөліміндегі
функционалдық тағайындауға сай қолданған
жағдайда ғана кепілдеме беріледі Техникалық
деректерде көрсетілген рұқсат етілетін мән
барлық жағдайларда үнемі сақталуы керек
2. Тасымалдау және сақтау
Жабдықтарды тасымалдауды жабық вагондарда,
жабық автокөліктерде әуе, су немес теңіз
көлігімен жүргізу керек
Механикалық факторлардың әсер етуіне
байланысты жабдықтарды тасымалдау
шарттары ГОСТ 23216 бойынша «С» тобына
сәйкес болуы керек
Қапталған жабдықты тасымалдау кезінде
өздігінен жылжуын болдырмау үшін
тасымалдаушы құралдарға берік бекітілуі керек

Содержание

Похожие устройства