Vitek VT-1999 ST [25/60] Қазақша

Vitek VT-1999 [25/60] Қазақша
25
ҚазаҚша
НАН ПІСІРЕТІН ПЕШ VT-1999 ST
Үйге арналған нан пісіретін пеш нан, кекстер
пісіруге, джем мен йогурт әзірлеуге арналған.
СИПАТТАМАСЫ
1. Корпусы
2. Басқару тақтасы
3. Қақпағы
4. Қарайтын саңылау
5. Құрамдас бөліктерді автоматты қосуға
арналған контейнер
6. Қолсап
7. Нан пісіретін қалып
8. Қамыр илеуге арналған қалақ
9. Өлшейтін стакан
10. Өлшейтін қасық
11. Қалақты шығаруға арналған ілгек
Басқару тақтасы:
12. «МӘЗІР» автоматты бағдарламасының
таңдау батырмасы
13. «ҚАБЫҚ ТҮСІ» қабық түсін таңдау
батырмасы
14. Дисплей
15. «СТАРТ/СТОП» іске қосу/сөндіру
16. «-» кейінге қалдыру уақытын азайту
батырмасы
17. «+»кейінге қалдыру уақытын ұзарту
батырмасы
18. «НАН САЛМАҒЫ» салмақты белгілеу
батырмасы
Дисплей (14):
19. Қамырды толықсыту (көтерілу) таңбасы
20. Қамырды аралыстыру таңбасы
21. Қабық түсін таңдау таңбасы
22. Нан салмағын таңдау таңбасы
23. Нан пісіру таңбасы
24. Ысыту режимі таңбасы
25. Қалған жұмыс істеу/кейінге қалдыру
уақытының санды көрсетілімдері
26. Нан пісіру бағдарламасының нөмірі
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Қосымша қорғаныс үшін қоректендіру
тізбегіне қорғаныс ажыратылу құрылғысын
(ҚАҚ) 30 мА-ден аспайтын номиналды іске
қосылу тоғымен орнатқан дұрыс. ҚАҚ
орнатқан кезде маманға хабарласқан жөн.
САҚТАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны пайдалану алдында пайдалану
бойынша нұсқаулықты зейін қойып оқып
шығыңыз және оны пайдалану мерзімі бойы
сақтаңыз. Құрылғыны тек оның тікелей
міндеті бойынша ғана берілген нұсқаулықта
көрсетілгендей пайдаланыңыз. Аспапты дұрыс
пайдаланбау оның бұзылуына, пайдаланушыға
немесе оның мүлкіне зиян келтіруіне әкелуі
мүмкін.
Желіге қосу алдында, нан пісіретін пештің
кернеуі желідегі кернеуге сәйкес келетініне
назар аударыңыз.
Желілік бау «еуроайыртетікпен»
жабдықталған; оны сенімді жерлендіру
түйіспесі бар ашалыққа қосыңыз.
Өртке немесе электр тоғы соққысына жол
бермеу үшін нан пісіретін пешті электр
ашалығына қосқан кезде ауыстырғыштарды
пайдаланбаңыз.
Құрылғыны желілік ашалыққа еркін жетуге
болатындай етіп түзу, тұрақты ыстыққа
төзімді бетке орнатыңыз. Ең жақын заттарға
дейінгі қашықтық 20 см кем болмауы керек.
Өртенуге жол бермеу үшін ешбір жағдайда
нан пісіретін пешті жұмыс істеу уақытында
бүркеп жаппаңыз.
Аспапты басқа тұрмыстық аспаптарға және
дастарқандарға орнатпаңыз.
Аспапты ашық от көздерінің, тез тұтанатын
заттардың қасында және тікелей күннің көзі
астында орнатпаңыз.
Желілік баудың үстелдің шетінен
салбырауына, сонымен қатар баудың
асүйлік жиһаздың ыстық беттерімен немесе
үшкір шеттерімен жанасуына жол бермеңіз.
Аспапты бөлмелерден тыс пайдаланбаңыз.
Әрқашан нан пісіретін пешті құрастыру,
бөлшектеу және тазалау алдында оны
сөндіріңіз.
Ешқашан нан пісіретін пешті құрамдас
бөліктерді автоматты қосуға арналған
котейнерсіз пайдаланбаңыз. Контейнердің
бүлінуіне жол бермеу үшін оны сақтықпен
пайдаланыңыз.
Ешқашан нан пісіретін пешті жұмыс істеу
процесінде қараусыз қалдырмаңыз.
Аспапты дұрыс пайдаланбау жағдайында
(мысалы, ұсыныстарды сақтамаған
жағдайда, сонымен қатар аса ұзақ пісіру
уақыты кезінде), нанның күюі және түтіннің
пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайда
құрылғыны сөндіріңіз, желілік баудың
айыртетігін ашалықтан суырыңыз. Тазалау
алдында нан пісіретін қалыпты шығарыңыз
және аспаптың толық салқындауын күтіңіз.
IM VT-1999.indd 25 09.12.2016 12:47:21

Содержание