Vitek VT-1999 ST [27/60] Қазақша

Vitek VT-1999 ST [27/60] Қазақша
27
ҚазаҚша
Құрылғының бүтіндігін тексеріңіз, бүлінулер
болған жағдайда құрылғыны пайдаланбаңыз.
Құрамдас бөліктерді автоматты қосуға
арналған контейнерді (5) ұстаңыз және оны
қақпақтан (3) шығарыңыз.
Қолсаптардан (6) ұстап, қақпақты (3)
ашыңыз.
Нан пісіретін қалыптың (7) қолсаптарын
көтеріңіз және ұстаңыз, қолсапты сағат тіліне
қарсы бұраңыз және қалыпты (7) шығарыңыз.
Контейнерді (5), қалыпты (7), қалақты (8),
өлшейтін стаканды (9), өлшейтін қасықты
(10) және ілгекті (11) бейтарап жуғыш зат
қосылған жылы сумен жуыңыз, содан кейін
мұқият құрғатыңыз.
Нан пісіретін пештің корпусын (1) және
қақпағын (3) жұмсақ сәл ылғалды матамен
сүртіңіз, содан кейін құрғатып сүртіңіз.
Нан пісіретін қалыпты (7) орнына орнатыңыз
және оны сағат тілі бойынша тірелгенге
дейін бұрыңыз, қамырды илеуге арналған
қалақты (8) пісіретін қалыптың (7) ішіндегі
оське орнатыңыз.
Қақпақты (3) жабыңыз және оған контейнерді
(5) орнатыңыз.
Аспапты түзу құрғақ, термотөзімді және
тұрақты бетке орнатыңыз. Ең жақын беттерге
дейінгі қашықтық 20 см-ден кем болмауы
керек.
Нан пісіретінпеш жұмыс істеуге дайын.
Ексерту:
Нан пісіретін пеш температуларадың
кең ауқымында жұмыс істеуге арналған,
алайда панажайдағы тым жоғары немесе
төмен температура қамырдың көтерілу
процесіне, және соның нәтижесінде,
нанның үлкендігі мен тығыздығына әсерін
тигізеді. Панажайдағы ең оптималды
температура +15-тен +34°С-ге дейін.
БАСҚАРУ ТАҚТАСЫ (2)
Басқару тақтасындағы (2) батырмаларды басып
Сіз қажетті автоматты бағдарламаны таңдап,
әзірлеуді кейінге қалдыру уақытын белгілеп,
ал дисплейде (14) толық нан пісіру процесін
бақылай аласыз.
Басқару тақтасы батырмаларының әр басылуы
дыбыстық сигналмен сүйемелденеді.
«МӘЗІР» автоматты бағдарламалары
(батырма 12)
Батырманы (12) басып Сіз автоматты
бағдарламаны таңдай аласыз, бағдарлама
нөмірі дисплейде (14) таңбамен (26)
көрсетіледі.
Барлығы 13 автоматты бағдарлама көзделген:
1. «НЕГІЗГІ»
Нанды әзірлеудің барлық сатысын енгізеді:
қамырды илеу, қамырды толықсыту (көтерілуі)
және нанды пісіру. Сіз сонымен қатар дайын
нанның дәмін жақсарту үшін қажетті құрамдас
бөліктерді контейнерге (5) салып, оларды қоса
аласыз.
2. «ФРАНЦУЗ БАГЕТІ»
Нанды жасау анағұрлым ұзақ уақыт алады,
нанның ірі саңылаулы жұмсағы және қыртылдақ
қабығы болады.
3. ТҰТАС ДӘНДІ НАН
Пайдалы нанды ұсақ немесе ірі тартылған
ұннан пісіріңіз. Мұндай нанды жасаған
кезде кейінге қалдыру қызметін пайдалану
ұсынылмайды, себебі бұл теріс нәтижедерге
әкелуі мүмкін.
4. «ЖЫЛДАМ РЕЖИМ»
«НЕГІЗГІ» бағдарламасымен салыстырғанда,
нанды пісіру анағұрлым жылдам жүзеге
асырылады, бірақ нан, әдетте көлемі кішірек
және жұмсағы анағұрлым тығыз болады.
5. «КУЛИЧ»
Тәтті қамырға қопсытқыш немесе сода қосыңыз
және хош иісті нанды әзірлеңіз.
6. «ЖЕДЕЛДЕТІЛГЕН»
Қысқартылған мерзімде нан пісіру. Әдетте,
«ЖЫЛДАМ РЕЖИММЕН» салыстырғанда нан
кішірек және жұмсағы анағұрлым тығыз болады.
Нанды пісіру үшін қопсытқышты немесе ас
содасын пайдаланыңыз. Егер алғашқы
араластыру уақытында құрғақ құрамдас
бөліктер қалыптың (7) бұрыштарында жиналса,
«СТАРТ/СТОП» батырмасын (15) басып, пауза
режимін іске қосыңыз, асүйлік пластик қалақ
көмегімен қамырды араластырыңыз. «СТАРТ/
СТОП» батырмасын (15) басып, бағдарламаны
іске қосыңыз.
7. «АСА ЖЫЛДАМ РЕЖИМ»
Нанды бір сағатта әзірлеу. Нанды пісіру
үшін қопсытқышты немесе ас содасын
пайдаланыңыз. Нанның үлкендігі кішкентай
және жұмсағы ең тығыз болады.
Назар аударыңыз! 7 және 8 автоматты
бағдарламаларын таңдап, нан пісіретін
қалыпқа (7) су құйыңыз, оның температурасы
48-50°С болуы керек (су температурасының
дәлдігін асүйлік термометрмен өлшеңіз). Су
температурасы нанды жылдам және аса
жылдам зәрілеу кезінде ең маңызды орын алады:
IM VT-1999.indd 27 09.12.2016 12:47:21

Содержание