Vitek VT-1999 ST [30/60] Қазақша

Vitek VT-1999 [30/60] Қазақша
30
ҚазаҚша
1. Біркелкі масса алуға дейінгі қамырды илеу.
Қамырды илеу процесі дисплейде (14)
таңбамен (20) көрсетіледі.
2. Қамырдың көтерілуі - процесс дисплейде
(14) таңбамен (19) көрсетіледі.
3. Нан пісіру процесс дисплейде (14)
таңбамен (23) көрсетіледі.
4. Ысыту - дисплейде (14) таңбамен (24)
көрсетіледі. Дайын нан пісірудің автоматты
бағдарламасы аяқталғаннан кейін жылы
күйінде 60 минут бойы сақталады. Егер Сізге
нанды шығару қажет болса, ысыту қызметін
«СТАРТ/СТОП» батырмасын (15) басып
ұстап тұрыңыз.
Ескерту:
Ешқашан қақпақты (3) нанды әзірлеу
процесінде ашпаңыз, температура
кенет өзгерген кезде қамыр түсіп және
қайттадан көтерілмеуі мүмкін.
Нанды әзірлеу процесін қақпақтағы (3)
қарайтын саңылау (4) арқылы бақылауға
болады.
НАН ПІСІРЕТІН ПЕШТІҢ ҚОСЫМША
ҚЫЗМЕТТЕРІ
Құрамдас бөліктерді қосу
Құрылғы қамырды илеу процесінде
құрамдас бөліктерді (жемістердің,
жаңғақтардың және т.с.с. бөліктерін)
автоматты қосуға арналған контейнермен
(5) жабдықталған.
Құрамдас бөліктерді автоматты бағдарлама
іске қосылғанға дейін контейнерге (5)
жүктеңіз.
Автоматты бағдарламаның жұмысы
процесінде контейнердің (5) төменгі қақпағы
ашылады және құрамдас бөліктер қамырға
қосылады.
Ескерту: жұмыс процесінде құрамдас
бөліктерді қосу қызметі 8, 9, 12 бағдарламалары
үшін қолжетімсіз.
Жады
Жұмыс процесінде электр энергиясының
апатты сөнуі кезінде ұзақтығы 10 минут жад
қызметі іске қосылады.
Электрқорегі 10 минут ішінде қалпына
келгенде, нан пісіретін пеш белгіленген
бағдарламаны ол тоқтатылған кезден бастап
орындауды жалғастырады.
Электрқорегі 10 минуттан аса болмаған
жағдайда азық-түлікті қайтадан жүктеу және
құрылғыны бағдарламалауды жүргізу қажет.
НАН ПІСІРЕТІН ПЕШТІ ПАЙДАЛАНУ
Нан пісіретін пешті іске қсоу алдында,
құрылғының жұмыс істеу кернеуі электржелісінің
кернеуіне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Ескерту: алғашқы пайдалану кезінде
қыздырғыш элементтен иіс пайда болуы
мүмкін, бұл қалыпты құбылыс.
Қақпақты (3) ашыңыз және нан пісіретін
қалып (7) және қалақ (8) орнына
орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Ескерту: қалақты (8) орнату алдында оны
амргаринмен немесе өсімдік майымен майлау
ұсынылады, бұл оның жаңа піскен наннан
шығарылуын оңайлатады.
Құрамдас бөліктерді қалыпқа (7) әзірлеу
әдісінде сипатталған кезектілікпен
салыңыз. Әдетте құрамдас бөліктер келесі
кезектілікпен салынады:
1. сұйықтықтар;
2. сусымалы құрамдас бөліктер (қант, тұз, ұн);
3. ашытқы және қопсыиқыш.
Ескерту: ашытқы сұйықтықтармен және
тұзбен қамыр араластырылғанға дейін
жанаспауы керек. ұнда шағын ойық жасаңыз
және оған ашытқыны салыңыз.
Төгілген тағамдарды немесе сұйықтықтарды
қалыптың (7) сыртқы бетінен жойыңыз.
Қақпақты (3) жабыңыз
Контейнерге (5) араластыру процесінде
автоматты қосылатын қажетті құрамдас
бөліктерді (жемістердің, жаңғақтардың және
т.с.с. бөліктерін) салыңыз.
Желілік баудың айыртетігін ашалыққа
салыңыз, осы кезде дыбыстық сигнал
шығады, дисплейде (14) келесі таңбалар
көрсетіледі:
қабықтың пісуінің орташа дәрежесі
(таңба 21)
салмағы 750 гр., таңба (22)
бағдарлама нөмірі 1, таңба (26)
бағдарламаның жұмыс істеу уақыты 3:00
сағат (25)
«МӘЗІР» батырмасын (12) қайталап басып
қажетті автоматты бағдарламаны таңдаңыз.
Батырманы (13) қайталап басып қабық түсін
таңдаңыз.
Батырманы (18) қайталап басып қалыпқа
(7) салынған құрамдас бөліктердің көлеміне
байланысты «НАННЫҢ САЛМАҒЫН»
таңдаңыз.
«-»(16) және «+»(17) батырмаларын
басып әзірлеуді кейінге қалдыру уақытын
белгілеңіз.
IM VT-1999.indd 30 09.12.2016 12:47:21

Содержание