Vitek VT-1999 ST [29/60] Қазақша

Vitek VT-1999 [29/60] Қазақша
29
ҚазаҚша
Қабық түсін таңдау (батырма 13)
Сіз дайын нан қабығының үш түісінің біреуін
таңдай аласыз.
Батырманы (13) басып қажетті қабық түсу
таңдалады, таңдалған қабық түсі дисплейде
(14) таңбамен (21) көрсетіледі.
Ескерту: берілген қызмет 8, 9, 10, 11, 13
бағдарламалары үшін қолжетімсіз.
Старт/стоп (батырма 15)
Батырманы (15) басып таңдалған автоматты
бағдарламаны бастау жүзеге асырылады,
осы кезде дисплейде (14) уақыттың санды
көрсетілімдеріндегі (25) бөлетін нүктелер
жанып-сөніп тұрады.
Батырманы (15) қайталап басып «пауза»
режимі іске қосылады, осы кезде дисплейде
(14) қалған жұмыс істеу уақытының
санды көрсетілімдері (25) жанып-сөнеді.
Бағдарламаның жұмыс істеуін жалғастыру
үшін батырманы (15) тағы да басыңыз.
Автоматты бағдарламаны лақтырып тастау.
Автоматты бағдарламаны лақтырып тастау
үшін батырманы (15) басыңыз және үш
секунд бойы ұстап тұрыңыз, осы кезде
дыбыстық сигнал шығады және белгіленген
бағдарлама лақтырып тасталады.
Автоматты бағдарлама жұмыс істеген
уақытта басқару тақтасындағы (2) қалған
батырмалар бөгеттеледі.
Кейінге қалдыру уақытын белгілеу
батырмалары (16, 17)
Сіз автоматты бағдарламаның қандай уақытта
аяқталатынын алдын-ала бағдарламалай
аласыз.
Басқару тақтасындағы (2) батырмалармен
қажетті автоматты бағдарламаны (12), қабық
түсін (13) және салмағын (18) таңдаңыз.
Осыдан кейін батырмаларды «-» (16) және
«+»(17) қайталап басып кейінге қалдыру
уақытын белгілеңіз (назар аударыңыз,
кейінге қалдыру уақытын белгілеген уақытта
автоматты бағдарламаның жұмыс істеу
уақытын есепке алыңыз). Кейінге қалдыру
уақыты дисплейде (14) санды мәндермен
(25) көрсетіледі.
Ескерту: максималды кейінге қалдыру
уақыты 13 сағат, баптау қадамы - 10 минут.
Мысал:
Егер қазір 20:00 болса, Сіз «1» «НЕГІЗГІ»
автоматты бағдарламасын белгіледіңіз және
жаңа піскен нан келесі күні таңғы 7-де дайын
болғанын қалайсыз, кейінге қалдыру уақытын
батырмалармен (16, 17) 8 сағатқа белгілеңіз
(«1» «НЕГІЗГІ» бағдарламасының жұмыс істеу
уақыты - 3 сағат).
Кейінге қалдыру уақытын белгілегеннен
кейін «СТАРТ/СТОП» батырмасын (15)
басыңыз, дисплейде (4) қалған жұмыс
істеу уақытының көрсетілімдеріндегі (25)
бөлетін нүктелер жанып-сөніп тұрады
және автоматты бағдарламаның іске
қосылуына дейінгі уақыттың кері санағы
басталады.
Кейінге қалдыруды болдырмау үшін
«СТАРТ/СТОП» батырмасын (15) басыңыз
және үш секунд бойы ұстап тұрыңыз, осы
кезде дыбыстық сигнал шығады.
Ескерту:
Кейінге қалдыру қызметі «жеделдетілген»
(6), «аса жылдам режим» (7), «тосап» (9),
«нан пісіру» (12), «йогурт» (13) режимдері
үшін қолжетімсіз.
Сүт, жұмыртқа, жемістер және т.с.с. тез
бүлінетін тағамдар пайдаланылған кезде
кейінге қалдыру қызметін пайдаланбаңыз.
Нанның салмағын таңдау (батырма 18)
Салынған құрамдас бөліктердің көлеміне
байланысты батырмамен (18) Сіз нанның
салмағын таңдай аласыз 500 гр. немесе
750 гр.
Ескерту: нанның салмағы нан пісіру
уақытының ұзақтығын анықтайды
(«Автоматты бағдарламалардың жұмыс
істеу уақыты» кестесін қар.).
ДИСПЛЕЙ (14)
Дисплейде (14) Сіз бүкіл нан пісіру процесін
бақылай аласыз, нан пісіретін пеш жұмыс
істеген кезде, келесі таңбалар көрсетіледі:
(19) – қамырдың көтерілуі
(20) – қамырды араластыру
(21) – қабық түсін таңдау
(22) – салмағын таңдау
(23) – нан пісіру процесі
(24) – ысыту қызметі
(25) жұмыс істеу/кейінге қалдыру уақытының
санды мәндері
(26) – әзірлеу бағдарламасының нөмірі
Нан пісіретін пеш жұмысының циклдері
Нан пісіретін пеш келесі әрекеттерді жүзеге
асырады:
IM VT-1999.indd 29 09.12.2016 12:47:21

Содержание