Samsung MS23A7118AK [111/192] Микротолқынды пешті пайдалану

Samsung MS23A7118AK [111/192] Микротолқынды пешті пайдалану
Қазақ15
Микротолқынды пешті пайдалану
Қазақ15
Микротолқынды пешті пайдалану
Микротолқынды пеш қалай жұмыс жасайды
Микротолқындар - жоғары жиіліктегі электромагниттіік толқындар; бөлінген қуат тағамның түрі
мен пішімін өзгертпей пісіруге немесе қыздыруға мүмкіндік береді.
Микротолқынды төмендегі әрекеттер үшін қолдануға болады:
Жібіту
Алдын ала қыздыру
Пісіру
Пісіру принципі
1. Магнетронды түтіктен шыққан микротолқын,
бұрылмалы табақтың үстінде айналып тұрған
тағамға біркелкі таралады. Сондықтан да,
тағам біркелкі піседі.
2. Микротолқындар тағамның түбіне дейін,
шамамен 1 дюймге (2,5 см) дейін сіңеді. Содан
кейін қызу тағамның ішінде тарала бастайды
да, тағам пісе түседі.
3. Пісіру уақыты қолданылған ыдыс пен
тағамның сапасына қарай әртүрлі болады.
Мөлшері және тығыздығы
Судың мөлшері
Бастапқы температурасы (тоңазытқышта
болды ма, жоқ па)
ЕСКЕРТПЕ
Қызу таралған кезде тағамның ортасы піседі де, тағам микротолқынды пештен алынғаннан кейін
де пісе береді. Рецептіде және осы кітапшада көрсетілген тағамды қоя тұру уақытын, келесіні
орындау үшін сақтау керек:
Тағам шетінен ортасына дейін біркелкі піседі.
Тағамның бәр жеріндегі температура бірдей.
Микротолқынды пештің дұрыс жұмыс жасап тұрғанын тексеру
Келесі қарапайым әрекетті орындау арқылы микротолқынды пештің әрқашан дұрыс жұмыс
жасап тұрғанын тексере аласыз. Егер күмәндансаңыз, 40 - 43еттегі “Ақаулық себептерін
анықтау” тарауын қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ
Микротолқынды пештің ашасы сәйкес келетін розеткаға жалғанып тұруға тиіс. Бұрылмалы табақ
микротолқынды пештің ішінде өз орнында тұру керек. Ең үлкен мәннен (100 % - 800 Вт) басқа
қуат мәні қолданылса, суды қайнатуға көбірек уақыт кетеді.
3
1. Микротолқынды пештің есігін ашу үшін түймені
басыңыз.
2. Бұрылмалы табаққа бір кесе су қойып, содан
кейін есікті жабыңыз.
3. СВЧ (Микротолқын) түймесін басыңыз.
4
4. Уақытты 4 немесе 5 минутқа орнату үшін
СТАРТ/+30сек (БАСТАУ/+30сек) түймеcін
қайта-қайта басыңыз.
5. Микротолқынды пеш орнатылған уақыт ішінде
суды қыздырады. Судың қайнап жатқанына
көз жеткізіп, тексеріңіз.
User_MS23A7118AW_BW_DE68-DE68-04660D-00_KK_210202.indd 15User_MS23A7118AW_BW_DE68-DE68-04660D-00_KK_210202.indd 15 2/3/2021 8:20:15 AM2/3/2021 8:20:15 AM

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения