Samsung MS23A7118AK [138/192] Ақаулық себептерін анықтау және ақпарат коды

Samsung MS23A7118AK [138/192] Ақаулық себептерін анықтау және ақпарат коды
42Қазақ
Ақаулық себептерін анықтау және ақпарат коды
Ақаулық себептерін анықтау және ақпарат коды
Ақаулық Себебі Әрекет
Микротолқынды
пештің ішінің жарығы
әр түрлі.
Функция түріне қарай,
қуат шығысының өзгеруіне
байланысты жарықтылық
өзгереді.
Тағам пісіру барысында қуат
шығысы өзгерсе ақаулық
болып табылмайды. Бұл
микротолқынды пештің ақауы
емес.
Тағам пісіру
аяқталды, бірақ
желдеткіш әлі жұмыс
істеп тұр.
Микротолқынды пешті желдету
үшін тағам пісіріп болғаннан кейін
желдеткіш шамамен 3 минут
жұмыс істеп тұрады.
Бұл микротолқынды пештің
ақауы емес.
Бұрылмалы табақ
Бұрылмалы табақ
айналып тұрғанда
орнынан шығып
кетеді немесе
айналмай тоқтап
қалады.
Айналмалы шығырық жоқ немесе
айналмалы шығырық орнына
дұрыс салынбаған.
Айналмалы шығырықты салып,
қайта көріңіз.
Бұрылмалы табақ
сүйретіліп айналады.
Айналмалы шығырық орнына
дұрыс салынбаған, тым көп тағам
салынған немесе сауыт өте үлкен
және микротолқынды пештің ішкі
жағына тиеді.
Тағамның мөлшерін реттеңіз
және өте үлкен сауыттарды
пайдаланбаңыз.
Бұрылмалы
табақ айналғанда
тарсылдайды және
шуыл шығарады.
Тағам қалдығы микротолқынды
пештің табанына тұрып қалған.
Микротолқынды пештің табанына
жабысқан тағам қалдығын
алыңыз.
Микротолқынды пеш
Микротолқынды пеш
қызбайды.
Есік ашық тұр. Есікті жауып, қайта қосыңыз.
Ақаулық Себебі Әрекет
Қыздырған кезде
түтін шығады.
Алғаш рет микротолқынды пешті
пайдаланған кезде қыздырғыш
элементтерден түтін шығуы
мүмкін.
Бұл ақау емес, егер
микротолқынды пешті 2-3 рет іске
қоссаңыз тоқтап қалуға тиіс.
Қыздырғыш элементтерге тағам
тұрып қалған.
Микротолқынды пешті суытып,
қыздырғыш элементтердегі
тағамды алыңыз.
Микротолқынды
пешті пайдаланған
кезде күйген иіс
немесе пластиктің
иісі шығады.
Пластик немесе қызуға төзімсіз
ыдыс қолданылған.
Ыстық температураларға
жарамды шыны ыдыстарды
пайдаланыңыз.
Микротолқынды
пештің ішінен
жағымсыз иіс
шығады.
Тағам қалдығы немесе пластик
еріген және пештің ішіне
жабысқан.
Бу функциясын пайдаланып,
содан кейін құрғақ шүберекпен
тазалаңыз. Иісті тезірек кетіру
үшін микротолқынды пештің
ішіне лимон тілімін салып, іске
қосыңыз.
Микротолқынды пеш
дұрыс пісірмейді.
Тағам пісіру барысында
микротолқынды пештің есігі жиі
ашылған.
Егер есікті жиі ашсаңыз, ішкі
температура төмендеуі және бұл
тағам пісіру нәтижесіне әсер етуі
мүмкін.
Микротолқынды пештің басқару
құралдары дұрыс орнатылмаған.
Микротолқынды пештің басқару
құралдарын дұрыс орнатып,
қайта бастаңыз.
Түрі және өлшемі сай келмейтін
ыдыс қолданылған.
Табаны жалпақ, жарамды
ыдысты пайдаланыңыз.
User_MS23A7118AW_BW_DE68-DE68-04660D-00_KK_210202.indd 42User_MS23A7118AW_BW_DE68-DE68-04660D-00_KK_210202.indd 42 2/3/2021 8:20:19 AM2/3/2021 8:20:19 AM

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения