Samsung ce 107 mnstr [116/176] Бумен тазалау режимін қолдану

Samsung ce 107 mnstr [116/176] Бумен тазалау режимін қолдану
Казақ - 28
ЖҰҚА ТАБАҚТЫ ПАЙДАЛАНУ
Бұл жұқа табақты қолданғанда тағамның тек үстіңгі жағы ғана гриль көмегімен
қызарып піспейді, сонымен қатар жұқа табақ температурасының жоғарылығына
байланысты, тағамның астыңғы жағы да қызарып, қытырлақ болып піседі.
Кестеден жұқа табақты қолданып пісіруге болатын бірнеше тағам түрлерін көресіз
(келесі бетті қараңыз). Қызартып пісіру табағын сонымен қатар бекон, жұмыртқа,
шұжық т.с.с. пісіру үшін қолдануға болады.
1. Жұқа табақты бұрылмалы табақтың үстіне тура
қойыңыз да, микротолқын-гриль-аралас
[600 Вт + Гриль] режимін ең жоғары қуат мәніне қойып,
кестедегі уақыт пен нұсқауларды орындай отырып
алдын ала қыздырыңыз.
2. Бекон, жұмыртқа тәрізді тағамдарды пісірген кезде,
тағамды жақсы қызарту үшін жұқа табаққа май
жағыңыз.
3. Тағамды жұқа табақтың үстіне қойыңыз.
4. Қызартып пісіретін табақты микротолқынды пештің
ішіндегі металл торға (не бұрылмалы табаққа)
қойыңыз.
5. Тиісті пісіру уақыты мен қуат деңгейін таңдаңыз.
(Келесі кестеге қараңыз)
Жұқа табақты пештен әрқашан қолғап киіп алыңыз, себебі ол қатты ысып кетеді.
Жұқа табақтың сызат түсуден қорғай алмайтын тефлонмен қапталғанын ескеріңіз.
Пышақ тәрізді өткір затты тағамды жұқа табақ үстінде кесу үшін қолданбаңыз.
Қызуға төзбейтін заттарды ешқашан жұқа табақтың үстіне қоймаңыз.
Жұқа табақты ешқашан бұрылмалы табақсыз пешке қоймаңыз.
Жұқа табақты жылы су мен жуғыш заттың көмегімен тазалап, таза сумен
шайыңыз.
Түрпілі шөтке немесе қатты жөкемен тазаламаңыз, себебі беткі қаптамасына зиян
келеді.
Жұқа табақтың ыдыс жуғыш машинаға төзімді емес екенін ескеріңіз.
БУМЕН ТАЗАЛАУ РЕЖИМІН ҚОЛДАНУ
Бумен тазалау жүйесінен шығатын бу пештің ішкі қабырғасының бетін жібітеді.
Бумен тазалау функциясын қолданғаннан кейін пештің ішін оңай тазалай аласыз.
Бұл функцияны пеш әбден суығаннан кейін ғана қолданыңыз.
(Бөлме температурасы)
Кәдімгі суды ғана қолданыңыз, тазартылған суды қолданбаңыз.
1. Есікті ашыңыз.
2. Суды су шарасының сыртындағы сызыққа
(судың деңгейі) қарап құйыңыз.
(Сызық шамамен 50 мл-ді көрсетеді.)
3. Пісіру бөлігінің оң жақ қабырғасында орналасқан,
үстіңгі су шарасын қойғышқа су шарасын қойыңыз.
Осы кезде есікті жабыңыз.
4. Очистка паром (Бумен тазалау) түймешігін басыңыз.
Бумен тазалау барысында БУ пайда болғанын көруіңіз
мүмкін, бірақ бұл ақау емес, дегенмен БУ ІШКІ
ЖАРЫҚТЫ ДАЛДАЛАЙДЫ.
5. Есікті ашыңыз және пештің ішін ыдысқа арналған
құрғақ сүлгімен тазалаңыз. Бұрылмалы табақты алып,
астыңғы сөресін ғана ас үй қағазымен тазалаңыз.
ЕСКЕРТУ
Су сауытын "Бумен тазалау" режимі кезінде ғана қолдануға болады.
Сұйық емес заттарды пісірген кезде су сауытын алыңыз, себебі
микротолқынды пешке нұқсан келтіріп, өрт шығаруы мүмкін.
Су 50 мл-ден артық құйылса, артқы тесіктен ағып кетуі мүмкін. 50 мл-ден көп
болмауын қадағалаңыз.
CE107MNSTR-BWT_DE68-04260D-00_KK.indd 28 2014-04-21 �� 5:46:45

Содержание

Похожие устройства

Скачать