Samsung ce 107 mnstr [124/176] Баланың тағамын қыздыру

Samsung ce 107 mnstr [124/176] Баланың тағамын қыздыру
Казақ - 36
БАЛАНЫҢ ТАҒАМЫН ҚЫЗДЫРУ
БАЛАНЫҢ ТАҒАМЫ:
Шұңғыл керамика табаққа салыңыз. Пластик қақпақпен жабыңыз. Қыздырып болғаннан кейін
жақсылап араластырыңыз! Берердің алдында 2-3 минут қоя тұрыңыз.
Қайта араластырыңыз, температурасын тексеріңіз.
Мына температурадағы сүтті беруге болады: 30-40 °C аралығындағы.
БАЛАҒА БЕРІЛЕТІН СҮТ:
Сүтті зарарсыздандырылған шыны бөтелкеге құйыңыз. Бетін жаппай қыздырыңыз.
Баланың шөлмегін ешқашан еміздігін алмай қыздырмаңыз, себебі қатты қызған шөлмек
жарылып кетуі мүмкін. Шайқаңыз да, қоя тұрыңыз, берердің алдында қайта шайқаңыз !
Балаға берілетін сүт немесе тағамның температурасын әрқашан тексеріп барып беріңіз.
Мына температурадағы сүтті беруге болады: қ/а. 37 °C.
ЕСКЕРІМ:
Әсіресе баланың тағамын, бала күйіп қалмас үшін мұқият тексеру керек. Төмендегі кестеде
көрсетілген қуат мәндері мен уақыттарды тағам қыздыру үшін нұсқау ретінде қолданыңыз.
Сұйықтарды және тағамдарды қыздыру
Осы кестедегі қуат мәндері мен уақыттарды қыздыру үшін нұсқау ретінде қолданыңыз.
Тағам Мөлшері Қуат Уақыт (мин.)
Сусындар
(Кофе, шәй және
су)
150 мл (1 кесе) 900 Вт 1-1½
300 мл (2 кесе) 2-2½
450 мл (3 кесе) 3-3½
600 мл (4 кесе) 3½-4
Нұсқаулар
Кеселерге құйып, бетін жаппай қыздырыңыз: 1 кесені ортасына,
2 кесені қарама-қарсы, 3 кесені айналдыра қойыңыз. Қоя тұру
уақыты келгенде микротолқынды пеште ұстаңыз да, жақсылап
араластырыңыз. 1-2 минут қоя тұрып, содан кейін үстелге тартыңыз.
Сорпа
(Салқындатылған)
250 г
350 г
450 г
550 г
900 Вт 2½-3
3-3½
3½-4
4½-5
Нұсқаулар
Шұңғыл керамика табаққа немесе шұңғыл керамика кесеге
құйыңыз. Пластик қақпақпен жабыңыз. Қыздырып болғаннан кейін
жақсылап араластырыңыз. Үстелге тартардың алдында тағы да
араластырыңыз. 2-3 минут қоя тұрып, содан кейін үстелге тартыңыз.
Тағам Мөлшері Қуат Уақыт (мин.)
Бұқтырылған
тағам
(Салқындатылған)
350 г 600 Вт 4½-5½
Нұсқаулар
Бұқтырылған тағамды шұңғыл керамика табаққа салыңыз. Пластик
қақпақпен жабыңыз. Ара-тұра араластыра отырып қыздырыңыз, қоя
тұру, үстелге тартудың алдында қайта араластырыңыз.
2-3 минут қоя тұрып, содан кейін үстелге тартыңыз.
Соус қосылған
макарон
(Салқындатылған)
350 г 600 Вт 3½-4½
Нұсқаулар
Макаронды (мысалы, спагетти немесе вермишель) жалпақ керамика
табаққа салыңыз. Микротолқын таспасымен жабыңыз. Үстелге тарту
алдында араластырыңыз.
3 минут қоя тұрып, содан кейін үстелге тартыңыз.
Соус қосылған,
толтырмасы
бар макарон
(Салқындатылған)
350 г 600 Вт 4-5
Нұсқаулар
Толтырмасы бар макаронды (мысалы, равиоли, тортеллини) шұңғыл
керамика табаққа салыңыз. Пластик қақпақпен жабыңыз. Ара-тұра
араластыра отырып қыздырыңыз, қоя тұру, үстелге тартудың
алдында қайта араластырыңыз. 3 минут қоя тұрып, содан кейін
үстелге тартыңыз.
Табаққа
салынған тағам
(Салқындатылған)
350 г
450 г
600 Вт 4½-5
5½-6½
Нұсқаулар
2-3 тоңазытылған тағам қосымшаларынан тұратын тағамды керамика
табаққа салыңыз. Микротолқын таспасымен жабыңыз. 3 минут қоя
тұрып, содан кейін үстелге тартыңыз.
Үстелге
тартуға дайын
фондю ірімшігі
оңазытылған)
400 г 600 Вт 6-7
Нұсқаулар
Үстелге тартуға дайын фондю ірімшігін сай келетін, қақпағы бар
пирекс ыдысқа салыңыз. Қыздырып жатқанда, қыздырып болғаннан
кейін ара-тұра араластырыңыз. Үстелге тартар алдында жақсылап
араластырыңыз. 1-2 минут қоя тұрып, содан кейін үстелге тартыңыз.
CE107MNSTR-BWT_DE68-04260D-00_KK.indd 36 2014-04-21 �� 5:46:49

Содержание

Похожие устройства

Скачать