Jet JKM-300 (10000880M) [21/40] Қауіпсіздік ережелері

Jet JKM-300 (10000880M) [21/40] Қауіпсіздік ережелері
21Қазақша Құрастырылған станок JKM-300
4. Қауіпсіздік ережелері
Ағаш кесетін станоктарды белгіленуі
бойынша пайдаланбаса қауіпті болуы
мүмкін. Сондықтан келесі төменде
жазылған ережелермен қатар,
қауіпсіздік техникасының жалпы
ережелерін жазатайым оқиғаға душар
болмас үшін сақтаған жөн.
Қауіпсіздік техникасына өндіруші
ұсынған техникалық қызмет көрсету
мен қолдану бойынша ережелерді
сақтау жатады.
Нұсқаулықты ылғалды жəне лас
жерден қорғалған жерде станоктың
қасында сақтаңыз жəне келесі
тұтынушыға беріңіз.
Станокпен жұмыс жасамас бұрын күн
сайын қорғаныш тетіктер мен олардың
қызметін тексеріңіз.
Станок пен қорғаныс құрылғыларынан
табылған ақауларды білікті жəне
осыған уəкілетті мамандардың
көмегімен жойған дұрыс.
Мұндай жағдайларда станокпен жұмыс
істеуге тыйым салынады, оны электр
желісінен суырып тастаңыз.
Ережелерге сəйкес жеке қорғаныс
құралдарын қолданыңыз.
Денеге жабысып тұратын киім киіңіз
сақина, қолсағат жəне тағы басқа
əшекейлерді шешіп қойыңыз.
Аралау дискісімен жұмыс істеу үшін
қолғап киіңіз.
Егер сіздің шашыңыз ұзын болса, онда
оны қорғайтын тор немесе бас киім
киіңіз.
Ұзын дайындамалармен жұмыс істеген
кезде үстелдің сəйкес ұзындығы мен
аунақшалы тіректер пайдаланыңыз.
Жұмысты бастамас бұрын ара
-
лау дискісінің айналу бағытының
дұрыстығына көз жеткізіңіз.
Аралау дискісі ең үлкен айналыс
санына жеткен соң ғана аралауды
бастаңыз.
Аралау дискісін шетінен басу арқылы
тоқтатуға тыйым салынады.
Дайындаманың кері соққысынан
сақтаныңыз.
Əрдайым сынаны алып шығаратын
пышақ пен аралау дискісінің қорғаныс
қабын қолданыңыз. Сынаны алып
шығаратын пышақ пен қорғаныс
қабының
ара қашықтығы 2ден 5 мм ге
дейін болуы керек.
Дөңгелек дайындамаларды аралаған
кезде дайындаманы айналып кетпес
үшін бекітіңіз. Үлкен дайындама-
ларды аралаған кезде тиісті тірейтін
құралдарды қолданыңыз.
Дайындамалар жұмыс істеу
кезінде берік орнатылғанына жəне
олардың еркін қозғалысына жағдай
жасалғанына көз жеткізіңіз.
Ешқашан да дайындаманы құр қолмен
ұстап алмаңыз.
Көлденең аралауды
тек тіректің
көмегімен орындаңыз.
Айналып тұрған аралау дискісін
ешқашан ұстап алмаңыз.
Қысқа дайындамаларды (120 мм кем)
ұзына бойы аралау кезінде итергіш
қолданыңыз.
Араланған бөліктің аралау дискісінің
тістерінің арасында тұрып қалмауын
жəне жоғары ұшпауын қадағалаңыз.
Қысылған немесе кесілген дайында-
10
1 - Артқы үстел
2 - Тірек
3 - Мойынтірек корпусының негіздемесі
4 - Бекітуші тұтқа сап
5 - Пышақтық біліктің қорғаныс қабы
6 - Бұрғылау қысқысы
7 - Алдыңғы үстел
8 - Реттегіш бұранда
9 - Сырғанақ бағыттаушылар
10 - Бөгеткіш тілім
11 - Көтергіш тұтқа сап
12 - Сол жақ корпустық бет
13 - Орнатқыш штифт
14 - Қосу/сөндіру тетігі
15 - Алдыңғы тірек
16 - Корпустың қаттылығын күшейткіш
17 - Қозғалмалы негіздеме
18 - Бұрғылау үстелін орнатуға
арналған саңылау
19 - Шебер реттеуге арналған
бұранда
20 - Шебер реттеуге арналған
бұрандаға арналған тірек
21 - Тік сүйеніш
22 - Бекіткіш тұтқа сап
23 - Артқы тірек
24 - Мотор
Сур. 1 Станоктың сызбасы

Содержание