Panasonic NN-ST35MKZPE [60/146] Қауіпсіздік шаралары

Panasonic NN-ST35MKZPE [60/146] Қауіпсіздік шаралары
2
Kaz
Қауіпсіздік шаралары
ЕСКЕРТУ
1. Есіктің тығыздағышы мен олардың тиіп
тұратын жерлерін ылғал майлықпен сүрту
керек жəне зақымдалған жерлерін
болмауына көз жеткізу керек.
Егер зақымдалған жері болса,
өндірушіден оқудан өткен сервистік
қызмет маманы оларды жөндемегенше
пешті пайдалануға болмайды.
2. Сұйықтықтар мен өзге де өнімдерді қатты
оралған немесе жабылған ыдыстарда
жылытуға болмайды, өйткені олар
жарылып кетуі мүмкін.
3. ЕГЕР ПЕШІҢІЗ ЖӨНДЕУ қажет болса,
жақын маңда орналасқан Panasonic
техникалық қолдау қызметіне
хабарласыңыз. Пештің сыртқы бетінің
қақпағын алуды қажет ететін барлық
жөндеу жəне техникалық қызмет көрсету
операцияларын тек сервистік орталықтың
білікті қызметкерлері орындауы тиіс,
өйткені оны алу барысында
микротолқынды сəулелену қаупі
туындайды.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
1.
Өз бетіңізше пештің бөлшектерін шашып,
жинауға немесе реттеуге, есігін, басқару
панелінің корпусын, сақтандыру
сөндіргіштерін немесе өзге де
бөлшектерін жөндеуге тырыспаңыз.
Пештің сыртқы панелін алмаңыз. Ол
құрылғының сыртына микротолқындарды
өткізбеуге арналған. Жөнде
у жұмыстарын
тек білікті сервистік маман орындауы тиіс.
2.
Желілік сымы, штепсельдік ашасы
зақымдалған пештерді қолдануға
болмайды, сондай-
ақ егер құрылғының өзі
құлап кеткен болса немесе зақымдалған
болса немесе ол тиісті түрде жұмыс
істемейтін болса, оны пайдалануға
болмайды. Жөндеу жұмыстарын білікті
емес тұлғалардың жүргізуі қауіпті болып
табылады.
3.
Зақымдалған желілік сымды өндіруші
зауыттың сервистік қызметі, оның
сервистік өкілі немесе балама біліктілігі
бар тұлға ауыстыруы қажет.
4.
Пешті физикалық, сенсорлық жəне ақыл-
ой қабілеттері шектеулі адамдардың
(соның ішінде балалардың), сондай-ақ
тиісті білімі мен тəжірибесі жоқ
адамдардың пайдалануына арналмаған.
Бұндай адамдардың құрылғыны
пайдалануына тек олардың қауіпсіздігі
үшін жауап беретін тұлғаның
қадағалауымен ғана рұқсат етіледі.
Балалардың пешпен ойнауына жол
бермеңіз.
KAZ
2

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения

Ответы 0

Как отключить звук
4 месяца назад