Panasonic NN-ST35MKZPE [67/146] Микротолқынды пеште пайдалануға жарамды ыдыс аяқ

Panasonic NN-ST35MKZPE [67/146] Микротолқынды пеште пайдалануға жарамды ыдыс аяқ
9
KAZ
Микротолқынды пеште пайдалануға жарамды ыдыс-аяқ
Сəйкес келетін ыдыстарды таңдау тағамды жылытуға əсер ететін маңызды факторлардың
бірі болып табылады.
ШЫНЫ ЫДЫС
Пештің ішінде пайдалану үшін қызуға төзімді əйнек, мысалы, Руrех®
жақсы сəйкес келеді.
Тағамды қыздыру кезінде шытынап кетуі мүмкін шыны ыдысты
пайдаланбаңыз. Хрустальді пайдаланбаңыз, себебі ол шытынап кетуі
мүмкін немесе ұшқын шашырауы мүмкін.
ФАРФОР ЖƏНЕ КЕРАМИКА
Микротолқынды пештерде керамикадан жəне қызуға төзімді əйнеке
жағылған фарфордан жасалған тəрелкелерді, табақшаларды,
табақтарды, саптыаяқтар мен шыныаяқтарды пайдалануға болады.
Жұқа фарфордан жасалған ыдысты қысқа уақытқа қыздыру үшін ғана
пайдалануға болады: ұзақ уақыт қыздырған жағдайда,
температураның өзгеруі ыдыстың немесе декоративтік қабатының
шытынауына алып келуі мүмкін. Металдандырылған жиекпен немесе
суретпен көмкерілген тəрелкелерді пайдаланбаңыз. Тұтқасы желіммен
жабыстырылған са
птыаяқтарды немесе құмыраларды пайдаланбаңыз:
олардың желімі микротолқынды пеште еріп кетуі мүмкін.
ҚЫШ-ҚҰМЫРА БҰЙЫМДАРЫ, ФАЯНС, КЕРАМИКА
Тек толық əйнеке жағылған ыдысты ғана пайдаланыңыз. Əйнеке
жағылмаған немесе жартылай əйнеке жағылған ыдысты
пайдаланбаған жөн: бұндай ыдыстар микротолқынды энергияны
шамадан тыс сіңіріп алады, ал тағамды жылыту баяулайды.
ФОЛЬГА ЖƏНЕ МЕТАЛЛ ЫДЫСТАР
ТАҒАМДЫ ЫСЫТУ ҮШІН ФОЛЬГАНЫ НЕМЕСЕ МЕТАЛЛ ЫДЫСТЫ
ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ микротолқынды сəуле металл арқылы өтпейді,
ал бұл өз кезегінде тағамның біркелкі жылуына кедергі келтіреді.
Бұдан бөлек ол пештің зақымдалуына алып келуі мүмкін. Кəуаптар
үшін металл шампурлардың орнына ағам шампурларды
пайдаланыңыз.
ТАҒАМҒА АРНАЛҒАН ПЛЕНКА
Тағамды жылыту немесе дайындау кезінде, ТЕК МИКРОТОЛҚЫНДЫ
РЕЖИМДЕ пленканы тағамға тигізбей микротолқынды пештерге
арналған пленкамен жабыңыз.
Ԕɚɡɚԕɲɚ
KAZ
9

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения

Ответы 0

Как отключить звук
4 месяца назад