Panasonic NN-ST35MKZPE [65/146] Жалпы нұсқаулық

Panasonic NN-ST35MKZPE [65/146] Жалпы нұсқаулық
7
KAZ
Жалпы нұсқаулық
Тағамды ұсынғанға дейінгі күту уақыты
(Үзіліс)
Ет, қабығымен пісірілген картоп жəне
кондитерлік өнімдер сияқты тығыз өнімдер
толық ысу үшін тағамның ортасына
жылудың таралуы үшін, пеште жылытып
болғаннан кейін кішкене уақытқа қойып
қоюды (пештің ішінде немесе сыртында)
талап етеді. Күту уақытында еттің жəне
қабығымен пісірілген картоптың кесіктерін
алюминий фольгамен орап қойыңыз. Ет
шамамен 10-15 минут, ал қабығымен
пісірілген картоп 5 минут тұруы қажет.
Дайын тағамдар, көкөністер, балық сияқты
тағамдар 2-5 минут тұруы қажет. Егер
жылуы тарағанын күткеннен кейін, тағам
əлі де дайын болмаса, оны пешке қайта
салып, жылытыңыз. Өнімнің мұзын
еріткеннен кейін де, оның бойына жылу
тарағанша қойып қойған жөн.
МӨЛШЕРІ
Тамақтың көп көлеміне қарағанда, аз
порциясы тезірек дайындалады.
ПОРЦИЯНЫҢ ОРНАЛАСУЫ
Егер бөлек кесілген бөліктер арасы ашық
болса, тағам тезірек жəне біркелкі ысиды. Бір
кесік бөлікті екіншісінің үстіне ЕШҚАШАН
қабаттастырып қоймаңыз.
ӨНІМДЕРДЕ ЫЛҒАЛДЫҢ БОЛУЫ Көптеген
балғын өнімдерде, мысалы, көкөністерде жəне
жемістерде ылғалдың болуы бір маусым
ішінде едəуір өзгеруі мүмкін. Сондықтан
оларды дайындау уақыты жыл мезгіліне де
байланысты болады жəне өзгереді. Сусымалы
өнімдердің (күріш, макарондар жəне т.б.)
ылғалдылығы да сақтау кезінде өзгеруі мүмкін,
сондықтан олар үшін де дайындау уақыты
қазір сатып алынған өнімдерге арналған
дайындау уақытынан өзгешеленеді.
ҚАБЫҒЫ БАР ӨНІМДЕРДІ ТЕСУ
Кейбір өнімдердің қабығы немесе қабықшасы
дайындау кезінле өнім ішінде будың
жиналуына алып келеді.
Бұндай өнімдерде бу кедергісіз шығуы үшін
бірнеше жерінен тескен жөн немесе
қабықшасын жолақтап ашу қажет. Бұл
жұмыртқа, картоп, алма, сосиска жəне т.б.
сияқты өнімдерге қатысты. ЖҰМЫРТҚАНЫ
ҚАБЫҒЫМЕН ҚАЙНАТПАҢЫЗ.
ЖАБУ
Тағамды микротолқынды пештерде
пайдалануға жарамды пластик қақпақпен
немесе тағамдарға арналған плёнкамен жауып
қою қажет. Балықты, көкөністерді, көмештерді,
сорпалардың бетін жабу қажет. Соустардың,
піскен нан өнімдерін, қабығымен пісірілген
картопты, кондитерлік өнімдерді жабудың
қажеті жоқ.
ТЫҒЫЗДЫҚ
Борқылдақ, іркілдек өнімдер тығыз өнімдерге
қарағанда жылдам қызады.
Ԕɚɡɚԕɲɚ
KAZ
7

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения

Ответы 0

Как отключить звук
4 месяца назад