Panasonic NN-ST35MKZPE [66/146] Жалпы нұсқаулық

Panasonic NN-ST35MKZPE [66/146] Жалпы нұсқаулық
8
Kaz
Жалпы нұсқаулық
ТАҒАМҒА АРНАЛҒАН ПЛЕНКА
Тағамға арналған пленка тағамда ылғалды
сақтауға мүмкіндік береді, соның арқасында
тағамды жылыту уақыты азаяды. Дегенмен
тағамды қыздырмас бұрын, артық будың шығуын
қамтамасыз ету үшін, плёнканы бірнеше жерінен
тескен жөн. Күйіп қалу жағдайларын болдырмау
үшін, тағамнан плёнканы
ашып алар кезде, мұқият
болыңыз.
ФОРМА
Формасы тегіс өнімдер біркелкі жылытылады.
Микротолқынды пеште тағамдар шаршы
формалы ыдысқа қарағанда, дөңгелек формалы
ыдыста жақсырақ дайындалады.
БАСТАПҚЫ ТЕМПЕРАТУРА
Өнімнің бастапқы температурасы төмен болған
сайын, оны қыздыруға көбірек уақыт кетеді.
Бөлме температурасындағы өнімді қыздырғанға
қарағанда, тоңазытқыштан алынған тағамды
қыздыруға көбірек уақыт кетеді. Пешке салғанға
дейінгі тағамдық өнімдердің температурасы 58
°C градус шамасында болуы қажет.
СҰЙЫҚТЫҚТАР
Сұйықтықтарды жылытқан кезде, оларды
ПЕШКЕ САЛҒАНҒА ДЕЙІН, ЖЫЛЫТЫП ЖАТҚАН
КЕЗДЕ жəне ЖЫЛЫТЫП БОЛҒАННАН КЕЙІН
араластыру қажет. Ыдыстан шайқалып төгіліп
кетуін болдырмау үшін, суды жылытпас бұрын
жəне жылытып жатқанда араластыру қажет.
Қайнап болған сұйықтықты жылытпаңыз.
СҰЙЫҚТЫҚТЫҢ ШАМАДАН ТЫС ҚЫЗЫП
КЕТУІНЕ ЖОЛ БЕРМЕҢІЗ.
АУДАРЫСТЫРУ ЖƏНЕ АРАЛАСТЫРУ
Кейбір тағамдық өнімдерді жылыту кезінде
араластырған жөн. Етті жəне құс етін жылытқан
кезде, оны басқа бетін де жылыту үшін аудару
қажет.
ОРНАЛАСТЫРУ
Өнімдердің бөлек бөліктерін, мысалы,
тауықтың кесілген бөліктерін немесе
жанышталған еттерді ыдысқа салғанда,
олардың қалың жақтары ортасынан
алысырақ орналасуы керек.
ТАҒАМНЫҢ ДАЙЫН БОЛУ ДЕҢГЕЙІН
ТЕКСЕРУ
Дайындау барысында жəне рецепт
бойынша көрсетілген уақыт аяқталған
кезде, тіпті автоматты жылыту
бағдарламасы пайдаланылып жатса да,
тағамның дайындығын тексеріп отыру
маңызды болып табылады (кəдімгі
духовканы пайдаланғанмен бірдей). Егер
тағам əлі дайын болмаса, оны пешке
қайта салып, дайын болғанша əзірлеңіз.
ЫДЫС КӨЛЕМІ
Ыдыстың көлемі тағамды жылыту
уақытына əсер етеді. Сондықтан рецепт
бойынша көрсетілген ыдыс көлемін
пайдалану қажет. Кішкентай ыдысқа
салынған тағамға қарағанда, үлкен
ыдысқа салынған дəл сол көлемдегі тағам
тезірек жылып, тезірек дайын болады.
ТАЗАЛАУ
Тағамның бөліктеріне микротолқынды
сəулелену əсер ететін болғандықтан,
пешті таза ұстаған жөн. Тамақтан қалған
кетуі қиын дақтарды микротолқынды
пештерге арналған аэрозольды тазалау
құралдарын жұмсақ матаға жағып,
ысқылап кетіруге болады. Тазалап
болғаннан кейін, пешті құрғатып сүртіп
шығыңыз.
KAZ
8

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения

Ответы 0

Как отключить звук
4 месяца назад