Panasonic NN-ST35MKZPE [61/146] Орнату

Panasonic NN-ST35MKZPE [61/146] Орнату
3
KAZ
5. Микротолқынды пеш тағамдар мен
сусындарды жылытуға арналған. Пешті
тағамдық өнімдерді, газеттерді,
киімдерді, маталарды, губкаларды жəне
т.б. кептіру, жылытқыларды, аяқ
киімдерді қыздыру үшін пайдаланған
жағдайда, жарақат алу немесе өрт шығу
қауіптеріне алып келуі мүмкін.
6. Ыдыс-аяқ (ыдыс) микротолқынды пеште
пайдалануға сəйкес келетіндігіне көз
жеткізіңіз.
7. Пеш тек есігін жапқан кезде ғана жұмыс
істейді.
8. Пешті пайдаланбаған кезде, ол кенеттен
қосылып кетуі мүмкін деп, оның ішіне
бөгде заттарды салып қоймаңыз.
9. Пештің ішіне тағам салмайынша, оны
қосуға болмайды.
Бұл құрылғының зақымдалуына алып
келуі мүмкін.
10. Түтіндеп кеткен жағдайда, «Стоп/Қайта
орнату» батырмасын басып, есігін ашық
қалдырыңыз жəне желілік кабельді
ажыратыңыз немесе электр тарату
қалқанынан электрді өшіріңіз.
11. Пештің жарықтандыратын шамдарын тек
өндіруші арқылы оқытудан өткен сервистік
қызмет маманы ауыстыруы қажет. Пештің
сыртқы панелін өз бетіңізше алуға
тырыспаңыз.
Орнату
Микротолқынды пешті қарап шығыңыз
Пешті қаптама материалынан шешіп, алыңыз.
Пештің ешқандай жері майыспағандығын, есік
тиектерінің бүлінбегендігін, есікте ешқандай
сызаттың жоқтығын жəне т.б. тексеріңіз.
Қандай да бір ақауларды тапқан жағдайда,
дилерге дереу хабарласыңыз. Зақымдары
бар микротолқынды пешті орнатпаңыз.
Жерге тұйықтау жөніндегі нұсқаулар
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ҚАУІПСІЗДІК
МАҚСАТТАРЫ ҮШІН ПЕШТІ АУЫСТЫРУ
ҚАЖЕТ. Егер желілік розетка жерге
тұйықталмаған болса, сатып алушы оны
жерге тұйықталатын розеткамен ауыстыруы
қажет.
Жұмыс істеу кернеуі
Желідегі кернеу фирмалық жапсырмада
көрсетілген кернеуге сəйкес болуы тиіс. Кернеуі
көрсетілгеннен жоғары желіге жалғаған жағдайда,
тұтану немесе басқа да зақым алу жағдайлары
орын алуы мүмкін.
Пешті орнату
Бұл құрылғы тұрмыстық жəне соған ұқсас
қолданысқа арналған, мысалы:
кəсіпорындардағы, кеңселердегі жəне басқа
да жұмыс мекемелеріндегі қызметкерлерге
арналған асүйлерде;
ауылдағы үйлерде;
қонақүй, мотельдер жəне басқа да
мекендеуге арналған орындарда;
«түнеуге жəне таңғы ас ішуге» арналған
қонақүйлерде пайдалануға арналған.
1. Пешті еденнен 85 см төмен болмайтын
тегіс, берік əрі тұрақты беткейге
орнатыңыз.
Құрылғы бөлек орнатуға арналған жəне
шкаф ішіне орнатуға болмайды.
2. Орнатылған пештің штепсельдік ашасын
розеткадан суыру арқылы немесе
автоматты сөндіргішті өшіру арқылы оңай
токтан ажыратуға болатынын ескеріңіз.
Ԕɚɡɚԕɲɚ
KAZ
3

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения

Ответы 0

Как отключить звук
4 месяца назад