Panasonic NN-ST35MKZPE [68/146] Микротолқынды пеште пайдалануға жарамды ыдыс аяқ

Panasonic NN-ST35MKZPE [68/146] Микротолқынды пеште пайдалануға жарамды ыдыс аяқ
10
Kaz
Микротолқынды пеште пайдалануға жарамды ыдыс-аяқ
ПЛАСТИК ЫДЫС
Көптеген пластик ыдыстарды микротолқынды пештерде
пайдалануға болады. Тек микротолқынды пештерде
пайдалануға арналған пластик ыдыстарды ғана
пайдаланыңыз. Меламиннен жасалған ыдыстарды
пайдаланбаңыз, себебі олар балқып кетуі мүмкін. Құрамында
қанты немесе майы көп өнімдерді, сондай-ақ, ұзақ уақыт
дайындауды талап ететін өнімдерді (мысалы, ажарланбаған
күріш) дайындау үшін пластик ыдысты пайдаланбаңыз.
Маргарин немесе йогурт ыдыстарын тағамды жылыту үшін
пайдаланбаңыз, себебі олар қыздырған кезде балқып кетеді.
ҚАҒАЗ ЫДЫС
Духовкада пісірілген тағамдар мен шұжық тағамдары бар формаларды
шашырап кетуін болдырмау үшін, ақ қағаз майлықтармен (қағаз сүлгілер)
жабуға болады. ТЕК ҚЫСҚА УАҚЫТТЫҚ ТАҒАМ ДАЙЫНДАУ КЕЗІНДЕ
ҒАНА ПАЙДАЛАНУҒА БОЛАДЫ. ҚАҒАЗ СҮЛГІНІҢ БӨЛІКТЕРІН ҚАЙТА
ПАЙДАЛАНУҒА БОЛМАЙДЫ. Жасанды талшықтары бар қағаз сүлгілерді
пайдаланбаңыз. Қағаз сүлгілердің қаптамасында микротолқынды
пештерде пайдалануға арналған ұсыныстардың бар екендігіне көз
жеткізіңіз. Балауыз жағылған немесе пластикпен жабылған
шыныаяқтарды пеште пайдалануға болмайды, себебі олар пеште балқып
кетуі мүмкін. Қызуға төзімді қағазды тəрелкенің астына төсеу жəне майлы
тағамдық өнімдерді жабу үшін пайдалануға болады. Бір рет
пайдаланылатын ақ түсті қағаз тəрелкелерді тек микротолқынды
режимде қысқа уақытқа қыздыру үшін ғана пайдалануға болады.
АҒАШТАН, САБАННАН ТОҚЫЛҒАН ЫДЫС
Бұндай ыдысты микротолқынды пеште қолдануға болмайды. Ұзақ уақыт
бойы жəне тұрақты пайдаланған жағдайда ол жарықшақтанып кетеді.
АЛЮМИНИЙ ФОЛЬГА
Еттің мұзын еріткен кезде, ет жиектерін жабу үшін жұмсақ алюминий
фольганың кішігірім бөлігін пайдалануға болады. Фольгадан
микротолқынды сəуленің өтпейтіндігін ескерсек, бұл өнімнің мұзын
еріткенде немесе жылытқан кезде, еттің жиектері сияқты өнімнің тез
күйетін жерлерін қорғауға көмектеседі. Фольга пештің бүйір немесе
жоғарғы жақтарына тимеуі керек, себебі ол ұшқынның шашыруына жəне
пештің зақымдалуына себеп болуы мүмкін.
КӨМЕШТЕУГЕ АРНАЛҒАН ПАКЕТТЕР
Ұзақ уақыт бойы көмештеу кезінде, еттің кесілген бөлігінің жиегін жабу
үшін пакетті кесуге болады. ОСЫНДАЙ ПАКЕТТЕРДЕ БОЛАТЫН
МЕТАЛЛ ТҮЙРЕУІШТЕРДІ ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ.
KAZ
10

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения

Ответы 0

Как отключить звук
4 месяца назад