Panasonic NN-ST35MKZPE [64/146] Қауіпсіздік шаралары

Panasonic NN-ST35MKZPE [64/146] Қауіпсіздік шаралары
6
Kaz
Қауіпсіздік шаралары
Қақпақтар
Микротолқынды пешке тағамды салмас бұрын,
құмыралардың, ыдыстардың жəне тамаққа
арналған контейнерлердің қақпақтарын ашып
салыңыз. Егер қақпағын ашпай қалдырсаңыз,
ішінде пайда болған бу мен қысым тамағы бар
ыдыстың жарылуына алып келуі мүмкін (тіпті
микротолқынды пештің жұмысы аяқталғаннан кейін
де).
Балаларды тамақтандыруға арналған
бөтелкелер жəне консервілер
Балаларды тамақтандыруға арналған
бөтелкелерді пешке емізіксіз жəне қақпақсыз салу
қажет. Бөтелкенің түбіндегі сұйықтыққа қарағанда
жоғарғы жағындағы сұйықтық ыстығырақ болады,
сондықтан температурасын тексермес бұрын,
бөтелкені сілкіп, ішіндегісін əбден араластыру
қажет. Баланы тамақтандырмас бұрын, бала күйіп
қалмас үшін бөтелкенің ішіндегісінің
температурасын тексеріңіз. 26-бетті қараңыз
Пісірілген жұмыртқалар
Қабығы ашылмаған жұмыртқаларды қайнатуға
немесе қайнап пісірілген жұмыртқаларды
МИКРОТОЛҚЫНДЫ режимде ысытуға болмайды,
себебі ішкі қысымның көтерілуінен олар жарылып
кетуі мүмкін.
Қабығы бар азық-түліктер
Борқылдақ емес қабығы бар азық-түліктерді
(картоп, жұмыртқа сарысы, сосиска жəне т.б.)
МИКРОТОЛҚЫНДЫ режимде дайындау кезінде,
олар жарылып кетпес үшін, оларды алдын ала
тесіп алуға кеңес беріледі.
Қағаз жəне пластик
Пластик немесе қағаз қаптамасы бар азық-
түліктерді жылыту кезінде, жылыту процесін
қадағалап отыру қажет, себебі қатты қызып кеткен
жағдайда пластик немесе қағаз тұтанып кетуі
мүмкін. Пешке тағамдық өнімдерді салмас бұрын,
барлық металл сым түйрегіштердің барлығын
алып тастаңыз. Олар қаптаманың ішінде болуы
мүмкін жəне пештің ішінде ұшқын шашырауға
себеп болуы мүмкін.
Пешке шикізаттан жасалған қағазға (мысалы,
орама қағаздар немесе қағаз сүлгілер) оралған
өнімдерді салмаңыз, себебі қағазда ұшқын шашуға
алып келетін қоспалар болуы мүмкін немесе пеш
іске қосылған кезде, қағаз тұтанып кетуі мүмкін.
Тек қағазда <Микротолқынды пештерде пайдалану
кезінде қауіпсіз> деген сияқты арнайы
жапсырмасы бар болған жағдайда ғана, бұндай
өнімдерді пешке салуға болады.
Сұйықтықтар
Микротолқынды пеште сұйықтықтарды жылытқан
кезде, олар көзге көрінетін көпіршіктер шығармай-
ақ қайнауы мүмкін. Нəтижесінде қайнап жатқан
сұйықтық ыдыстан шайқалып төгіліп кетуі мүмкін.
Сондықтан келесі ережені ұстаныңыз:
а) Бүйірі тегіс жəне мойны жіңішке ыдыстарды
пайдаланбаңыз.
б) Сұйықтықтың шамадан тыс қызып кетуіне жол
бермеңіз.
в) Сұйықтықты екі рет араластырыңыз: бірінші рет
сұйықтық құйылған ыдысты пешке салмас
бұрын, екінші рет жылыту үшін орнатылған
уақыттың жартысы өткен кезде.
г) Сұйықтық жылығаннан кейін, оны пеште кішкене
уақытқа қалдырыңыз, содан кейін араластырып,
пештен мұқият шығарыңыз.
Шыжып тұрған майда қуыру
Тағамдық өнімдері қайнап тұрған майда
қуырмаңыз.
Ұшқын шашырау
Металл ыдысты пайдаланғанда немесе сəйкес
келмейтін салмақтағы порцияны дайындаған
кезде, кенеттен ұшқын шашырауы мүмкін.
Микротолқынды пештегі ұшқындау көк түсті
жарқыл сияқты болуы мүмкін. Ұшқындау
жағдайында пешті дереу өшірген жөн. Пеш
қараусыз қалған кезде болған ұшқындау оның
зақымдалуына себеп болуы мүмкін.
Етке арналған термометр
Еттің немесе құс етінің дайындық деңгейін анықтау үшін,
ертке арналған термометрді пайдалануыңызға болады.
Бұл үшін тағамды пештен алдын ала шығарып алу
қажет. Егер тағам дайын болмаса, оны пешке қайта
салып, ұсынылған қуаттылық деңгейінде бірнеше
минутқа қойып дайындаңыз. Тағамды дайындау кезінде
микротолқынды режим қосылып тұрғанда, етке арналған
кəдімгі термометрді пештің ішінде пайдалануға
болмайды.
KAZ
6

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения

Ответы 0

Как отключить звук
4 месяца назад