Panasonic NN-ST35MKZPE Руководство по эксплуатации онлайн [63/146] 785976

Panasonic NN-ST35MKZPE Руководство по эксплуатации онлайн [63/146] 785976
5
KAZ
Маңызды ақпарат
Тағам дайындауға ұсынылған
уақытты
арттырған кезде, тағам бұзылып кетеді;
сонымен қатар, пештің ішкі жағы
зақымдалып, күйіп кетуі мүмкін.
Ылғалдылық деңгейі төмен өнімдер
Нан-тоқаш өнімдері, шоколад, жеңіл жүгері,
печенье, кепкен нан жəне тағы да басқа ұн
өнімдері сияқты ылғалдылығы төмен өнімдерді
жылыту кезінде мұқият болыңыз. Ұзақ уақыт
қыздырған кезде, олар оңай кеуіп, күйіп кетуі
мүмкін немесе тіпті тұтанып кетуі де мүмкін.
Ылғалдылығы аз өнімдерді (мысалы, жеңіл
жүгері немесе нан) қыздырмаған жөн. Бұл пеш
тек тағамдық өнімдерге арналған.
Попкорн немесе суы бар бөтелке сияқты
тағамдық емес өнімдерді ысыту үшін
пайдалануға кеңес берілмейді.
Жылыту
Жылытылған тағамды «суымай тұрып» берген
жөн.
Тағамды пештен шығарыңыз жəне оның
жеткілікті түрде қыздырылғанына көз жеткізіңіз,
яғни барлық бөлігінен бу шығып, соусы көпіршіп
тұруы керек. (Тағамдық өнімдерге арналған
термометрдің көмегімен тағамның
температурасы 72 °C градусқа жеткіндігін
қарауға болады, дегенмен термометрді
микротолқынды пеш ішінде пайдаланбаңыз.)
Араластыруға болмайтын тағамдардың
(лазанья, көмеш) дайындығын тексеру үшін,
олардың ортасын пышақпен кесуге болады.
Жартылай дайын өнімдер өндірушісінің
нұсқауларын орындағанның өзінде, тағамның
дайындығын тексеріңіз жəне ол дайын
болмаған жағдайда, қосымша дайындау
уақытын орнатыңыз.
Тағамды ұсынғанға дейінгі күту уақыты
(үзіліс)
Үзіліс уақыты тағамның дайын болу немесе
толық жылып болу кезінен бастап тағамның
желінген кезіне дейінгі аралық, яғни күту
уақыты, бұл уақытта тағамдағы жылу оның
қалған салқын жерлерін ж
ылыта отырып, тағам
ортасына ауысады.
Тағам дайындаудағы қысқа уақыттық
үзілістер
Микротолқынды пеште тағам дайындау
басқа ас əзірлеу əдістеріне қарағанда
азырақ уақытты талап ететінін ескере
отырып, тамақтың дайын немесе дайын
еместігіне көз жеткізбестен, ұсынылған
тағам дайындау уақытынан асырмаңыз.
Дайындау ұзақтығына тағамдық
өнімдердің қажетті дайын болу деңгейі,
бастапқы температурасы, теңіз
деңгейінен биіктігі, көлемі жəне формасы,
сондай-ақ пайдаланылатын ыдыс əсер
етуі мүмкін. Пештің жұмыс істеу
деңгейімен таныса отырып, осы
факторлардың тағам дайындауға əсерін
түзете аласыз.
Тағамды пеште көбірек ұстағаннан гөрі,
қатты қыздырып жібермеген жөн. Егер
тағам жеткіліксіз деңгейде жылыған
болса, оны əрдайым пешке қайта салып,
тағамды дайындауды аяқтауға болады.
Егер тағам қатты қыздырылып кетсе, оны
қалпына келтіру мүмкін болмайды.
Сондықтан əрдайым тағам дайындауға
арналған минималды уақыттан бастаңыз.
Тағамдық өнімдердің кішігірім
порциялары
Кішігірім порцияларды ұзақ жылытқан
жағдайда, олар кеуіп кетуі мүмкін немесе
тіпті жанып кетуі мүмкін. Жылытуға
арналған аз уақыт аралықтарын орнатып,
тағамның дайын болған не
болмағандығын жиі тексеріп тұрыңыз.
Ԕɚɡɚԕɲɚ
KAZ
5

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения

Ответы 0

Как отключить звук
4 месяца назад