Panasonic NN-ST35MKZPE [84/146] Пешті күту

Panasonic NN-ST35MKZPE [84/146] Пешті күту
2
Kaz
6
Пешті күту
1. Пешті тазалар алдында оны сөндіріңіз жəне
қуатпен қамту сымын желілік розеткадан
ажыратыңыз.
2. Пештің ішкі жағын, есіктердің
тығыздалуын жəне тығыздалу беттерін
үнемі тазалап отыру қажет. Тағамның
бөліктері, пештің қабырғасында, есіктің
тығыздағышындағы жəне тығыздағыштың
маңайындағы беттердегі сұйықтық
тамшыларын дымқыл шүберекпен
сүртіңіз. Қатты ластанған кезде жұмсақ
тазалағыш құралдарды пайдалануға
болады. Күшті жуатын немесе абразивті
құралдарды пайдалану ұсынылмайды.
Пеш камерасының оң жақ қабырғасында
орналасқан магнетронның қорғаныс
пластинасы бөлігін тазаламаңыз.
3. Есіктің əйнек жағын тазалау үшін үшкір
металл қырғыштарды жəне күрделі
тазалауға арналған заттарды
пайдаланбаңыз, себебі олар əйнектің
шытынауына əкеліп соғатындай бетін
сыруы мүмкін.
4. Пештің сыртқы бетін ылғалды шүберекпен
тазалаңыз. Пештің ішкі бөліктерінің
зақымдалуын болдырмас үшін желдеткіш
саңылауға судың кіруіне жол бермеңіз.
5. Басқару панелдерін жұмсақ матамен
тазалаңыз. Концентрацияланған жуу
құралдарын немесе абразивті
материалдарды басқару панелін
тазалауға қолданбаңыз. Басқару панелін
тазалау кезінде пештің есігін кездейсоқ
қосылудың алдын алу үшін ашық
қалдырыңыз. Тазалау аяқталған кезде,
дисплейді бастақы қалпына келтіру үшін
«Стоп/Қайта орнату» батырмасын
басыңыз немесе «Уақыт/Салмақ»
ауыстырып-қосқышын нөлдік күйге
орнатыңыз.
6. Егер ішкі бетінде немесе есіктің сыртқы
шеттерінің айналасында ылғал жиналса,
оны жұмсақ шүберекпен сүртіңіз. Оған
пешті жоғары ылғалдылық жағдайында
пайдалану себеп болуы мүмкін; бұл
құралдың ақауының белгісі болып
табылмайды.
7. Айналдыратын үстелді үнемі шығарып
жəне тазалап отыру қажет. Оны жылы
сабынды сумен немесе ыдыс жуатын
машинада жуыңыз.
8. Пештің роликті сақинасын жəне түбін
пештің шусыз жұмыс істеуін
қамтамасыз ету үшін тазалап тұру
қажет. Төменгі бетін жұмсақ жуу
құралымен, мысалы ыдысқа арналған
сұйық сабынмен жуыңыз, содан кейін
құрғатып таза матамен сүртіңіз. Роликті
сақинаны сабынды сумен жууға
болады. Булану пештің ішінде ол ұзақ
уақыт жұмыс істеген кезде жиналады,
бірақ ол түбінің жəне роликті
сақинаның дөңгелектеріне ешқандай
əсер етпейді. Тазалау үшін алынған
роликті сақинаны микротолқынды
пештің түбіне дұрыс орнатылғанын
тексеріңіз.
9. Тазалау үшін бумен тазалағышты
пайдалануға болмайды.
10. Пешке қызмет көрсетуді тек білікті
қызметкер ғана орындауы тиіс. Қызмет
көрсету жəне жөндеу қажет болған
жағдайда жақын арадағы уəкілетті
делдалға хабарласыңыз.
11. Микротолқынды пешті таза ұстаңыз:
ластану ішкі беттердің зақымдалуына
əкеліп соғуы мүмкін, құралдың қызмет
мерзімін қысқартуы, жəне қауіпті
жағдайдың себепкері болуы мүмкін.
12. Ауа үшін желдеткіш саңылаулар
əрқашан таза болуы тиіс. Пештің
жоғарғы, төменгі немесе сыртқы
жағында желдеткіш саңылаулардың
шаңмен немесе басқа материалмен
бұғатталуына жол бермеңіз. Желдеткіш
саңылауларды бұғаттау пештің шектен
тыс қызуына əкеліп соғып, оның
жұмысына жағымсыз əсер етеді жəне
қауіпті жағдайдың себебі болуы мүмкін.
KAZ
26

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения

Ответы 0

Как отключить звук
4 месяца назад