Grundfos SQЕ 2-55 96510151 (96080188) [388/420] Кабельдік штекерді электр қозғалтқышына қосу

Grundfos SQE 2-55 (комплект оборудования) [388/420] Кабельдік штекерді электр қозғалтқышына қосу
Қазақша (KZ)
388
6.4 Кабельдік штекерді электр
қозғалтқышына қосу
Төменде келтірілген сипаттама тек сервистік
персонал үшін арналған. Электр қозғалтқыш
кабелін ауыстыру қажет болатын жағдайда,
5.1 Жалпы мəліметтер бөлімін қараңыз.
Электр қозғалтқыш жинағына кіретін кабельдік
штекер зауытта сəйкес жағармаймен қамтамасыз
етіледі. Штекердің жанармаймен толық
қамтамасыз еткеніне көз жеткізіңіз.
Кабельдік штекерді қосу үшін келесі
операцияларды орындау қажет:
1. Кабельдің типі, көлденең қимасы мен
ұзындығының қажетті мəндерге сəйкестігін
тексеру.
2. Қоректендіргіш электр желісінің электр
қозғалтқышты орнату орнына тиісті түрде
жерге қосылуын тексеру.
3. Электр қозғалтқыштың штекерлік ажырандысы
құрғақ əрі таза болуын тексеріңіз.
Тығыздағыштың орнатылғанына көз жеткізіңіз.
4. Штекерді электр қозғалтқыштың
ажырандысына енгізіңіз. Штекердің дұрыс
қосылмауына жол бермеңіз. 8-суретті қараңыз.
8. сур.
5. Төрт винтті орнатып, қатты
тартып бұраңыз
(1 - 1,5 Нм). 8-суретті қараңыз.
Егер кабельдік штекер электр қозғалтқышқа
қосылған болса, олардың арасында саңылау
болуы тиіс.
6.5 Кабельдің қорғаныш планкасын
орнату
Кабельдің қорғаныш планкасын орнату үшін
келесі операцияларды орындау қажет:
1. Кабель су өткізбейтін қабатта қорғаныш
планкада тегіс салынғанына көз жеткізіңіз.
2. Кабель манжетін штекер науасына орнатыңыз.
Кабельдің қорғаныш планкасының екі табаны
сорғы гильзасының жоғарғы жиектеріне енуі
тиіс. 9-суретті қараңыз.
9. сур.
3. Кабельдің қорғаныш планкасын екі винтпен
жеткізілімге кіретін кіріс сүзгіге бекітіңіз
.
10-суретті қараңыз.
10. сур.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Электр тогымен зақымдану
Өлім қаупі немесе ауыр дене жарақаты
- Пайдаланушы ешбір жағдайда электр
қозғалтқыш ашасын алмауы керек.
- Кабель жəне штекер Grundfos
компаниясының техниктерімен
немесе сəйкес біліктілікке ие
мамандарымен орнатылуы жəне
бөлшектенуі тиіс.
TM02 9605 3504
TM02 9613 3504TM01 4427 0299

Содержание

Похожие устройства

Скачать