Crown CT20051 [71/108] Құралды пайдалану кезіндегі

Crown CT20051 [71/108] Құралды пайдалану кезіндегі
71
Қазақ тілі
оқымаған және тәжірибесіз адамдардың
пайдалануына рұқсат етпеңіз. Білікті емес адамның
қолдарында құрал оператор үшін де, қоршаған орта
үшін де қауіпті болуы мүмкін.
Ешқашан құралды сумен немесе кез келген басқа
сұйықтықпен шаймаңыз.
Жұмсалған майды (майланатын үлгілер) және
конденсатты қоршаған ортаны қорғау ережелеріне
және ағымдағы заңнамаға сай қоқысқа лақтыру
керек.
Осы нұсқауларды сақтап қойыңыз. Оларға жиі
қараңыз және оларды басқа пайдаланушыларға
нұсқаулар беру үшін пайдаланыңыз. Егер біреуге
осы құралды бере тұрсаңыз, осы нұсқауларды
тапсырыңыз.
Құралды пайдалану кезіндегі
қауіпсіздік туралы нұсқаулар
Бензиндік қозғалтқышпен жабдықталған
құралдар үшін арнайы қауіпсіздік ережелері
Назар аударыңыз! Төменде
берілген ережелерді сақтамау өртке,
ауыр жарақаттарға немесе тіпті
пайдаланушының өліміне әкелуі
мүмкін. Әрқашан жаныңызда медициналық
алғашқы көмек жинағын, сонымен бірге, өртпен
күресу құралдарын (өрт сөндіргіш, күрек, т.б.)
ұстаңыз.
Жұмыс істеп жатқанда құралдың оталдыру
жүйесі электрондық кардиостимуляторлардың
жұмысына кедергі келтіруі мүмкінэлектромагниттік
импульстарды тудырады, сондықтан, құралды
пайдалануды бастамай тұрып дәрігермен
кеңесіңіз.
Осы құралды пайдаланғанда ішке деммен алу
оператордың денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін
зиянды заттар (отын булары, көміртек тотығын,
т.б.) болады. Жеткілікті желдету қол жетімді болса
ғана құралға отын толтырыңыз немесе оны
пайдаланыңыз.
Жұмыс басталғанға дейін
Құралды тек пайдаланумен және техникалық
қызмет көрсетумен тиісті түрде танысқан және оны
дұрыс пайдалану мүмкіндігін көрсете алатын адам
ғана пайдалануы керек.
Құралды балалардың немесе жасөспірімдердің
пайдалануына ашық түрде тыйым салынған.
Нашар ауа райында жұмыс істемеңіз, өйткені,
қалың тұман, қатты жел, қатты жаңбыр және қар
қосымша қауіптер болып табылады (өйткені тайғақ
жерде құлауыңыз, т.б. болуы мүмкін).
Құралды қосу алдында қолдарыңызды және
аяқтарыңызды кесу сызығынан немесе кесу
дискінен ары алыңыз, сонымен бірге, кесу қосалды
құралы ешбір затқа тиіп тұрмағанын тексеріңіз.
Кесу сызығын қысқарту үшін пышақты
пайдаланғанда жарақаттардан сақ болыңыз.
Жұмыс істейтін телімді мұқият тексеріңіз. Барлық
тастарды, таяқтарды, сымдарды, сонымен бірге,
басқа бөгде заттарды алыңыз: оларды кесу сызығы
немесе дискі лақтырып, операторды немесе
маңайдағы адамдарды жарақаттауы мүмкін.
Пайдалану кезінде 15 м аралықта маңайдағы
адамдардың немесе жануарлардың болуына
рұқсат етілмейді. Кез келген маңайдағы адамдар
немесе жануарлар жақындағанда құралды
өшіріңіз.
Зақымдалған немесе бөлшектенген қауіпсіздік
қорғағыштары бар құралды кез келген пайдалануға
тыйым салынған. Дұрыс емес жиналған немесе
бекітілмеген өзгертулер енгізілен құралды
пайдаланбаңыз.
Кесу дискіндегі көрсеткінің бағыты әрқашан
қорғағыш қақпақтағы көрсеткінің бағытына сай
болуы керек.
Кесу дискінде пішіннің өзгерулері, сынықтар,
сынған бөліктер, т.б. бар-жоғын жүйелі түрде
тексеріп тұрыңыз. Кесу дискі зақымдалған құралды
пайдаланбаңыз.
Тек ұсынылған кесу қосалқы құралдарын
пайдаланыңыз. Ұсынылған кесу сызығының
орнына ара пышақтарын орнатуға немесе
металл сымды пайдалануға анық түрде тыйым
салынған.
Оператор немесе құралдың иесі үшінші
тұлғалармен болуы мүмкін сәтсіз
жағдайларға немесе олардың мүлігіне
тиюі мүмкін зиянға жауапты болады.
Жұмыс кезінде
Әрқашан жеке қорғаныс құралдарын
пайдаланыңыз: көзілдірік немесе бет қалқаны,
құлақ қорғағыштары, тығыз текстуралы киімдер,
сырғымайтын табандары бар қатты аяқ киім.
Ешқашан шолақ шалбарда немесе ашық аяқ киімде
жұмыс істемеңіз.
Жұмыс кезінде тұрақты қалыпты сақтаңыз
және құралды екі қолмен ұстаңыз. Тұтқалардың
майлануына жол бермеңіз және ешқашан құралды
бір қолмен пайдаланбаңыз.
Жұмыс кезінде аяқтың жылдамдығымен
қозғалыңыз.
Көлбеу жерде жұмыс істегенде оның бойымен
қозғалыңыз, өйткені бұл қауіпсіздеу.
Құралды бел деңгейінен жоғары пайдаланбаңыз.
Ұзақ пайдаланғанда құралдың қызып кетуіне жол
бермеңіз.
Құралды ағаштардың бұтақтарын кесу үшін
пайдалануға тыйым салынған.
Алып жүру белдігін пайдаланыңыз, өйткені ол
құралды жақсырақ басқаруға мүмкіндік береді.
Сымды қоршаударға немесе созылған сымдарға
жақын кез келген пайдалану тыйым салынған. Сым
кесу құралына тигенде үзілуі және операторды
жарақаттауы немесе кесу құралына бұралып,
құралды зақымдауы мүмкін.
Құралды пайдалану кезінде кесу қосалқы құралы
кез келген затқа тисе (мысалы, тасқа немесе діңге),
бөгде зат кептелсе (мысалы, бұтақ) немесе оған бір
нәрсе оралса (мысалы, жіп немесе сым), құралды
бірден өшіріңіз. Ақауды жойыңыз және құралдың
бөліктерін мұқият тексеріңіз құралдың бөліктері
зақымдалған болса, жұмысты жалғастыруға анық
түрде тыйым салынған.
Егер кесу дискін пайдалансаңыз,
құралды бақ жолдарының жиектерін
жасау және ағаштар, қабырғалар
бойында, т.б. шөпті ору үшін пайдалану-
ға анық түрде тыйым салынған.

Содержание

Скачать