KAZ - 8
3. LINK LED қою көк түсте (қосылым аяқталды) жанып тұрғанына көз жеткізіңіз.
ЖАРЫҚ ДИОДТЫ LINK - Көк түсті қосулы
Қосылым сәтті орнатылған кезде
сабвуфер мен көлемді динамиктердің
артқы жағындағы көк индикаторлар
жыпылықтаусыз жанады.
ЕСКЕРТПЕЛЕР
Осы өнімнің қуат сымы немесе теледидарды қабырғадағы розеткаға құрамдастар
арасындағы барлық байланыстар орнатылғанша жалғауға болмайды.
Осы өнімді жылжытпас немесе орнатпас бұрын, қуат көзі өшіріліп, қуат сымының
ажырағанын тексеріңіз.
Негізгі құрылғы өшірулі болса, сымсыз сабвуфер күту режиміне ауысып, артқы жағындағы
STANDBY LED бірнеше рет көк түсте жыпылықтаған соң, қызыл түсті болады.
Soundbar құрылғысының жанында Soundbar ретінде бірдей жиілікте (5,8 ГГц)
пайдаланылатын құрылғыны пайдалансаңыз, кедергі дыбыстың үзіліп шығуына себеп
болуы мүмкін.
Негізгі құрылғының сымсыз сигналының максималды беріліс қашықтығы шамамен 10 метр
болады, бірақ жұмыс ортаңызға байланысты басқаша болуы мүмкін. Негізгі құрылғы мен
сымсыз сабвуфер арасында темірбетон немесе металдан жасалған қабырға болса, жүйе
мүлдем жұмыс істемеуі мүмкін, себебі металл сымсыз сигналды өткізбейді.
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Сымсыз қабылдау антенналары сымсыз сабвуферге кіріктірілген. Құрылғыларды су және
ылғал тимейтін жерде ұстаңыз.
Тыңдау сапасы оңтайлы болуы үшін, сымсыз сабвуфер мен көлемді дыбыс динамиктерінің
айналасында ешқандай кедергінің болмағанына көз жеткізіңіз.