Samsung HW-Q90R [106/135] Bt ready және bt pairing режимдерінің айырмашылығы қандай

Samsung HW-Q90R [106/135] Bt ready және bt pairing режимдерінің айырмашылығы қандай
KAZ - 12
Егер құрылғыны қосу сәтсіз аяқталса
Алдында қосылған Soundbar тізімінде (мыс. [AV] Samsung Soundbar Q90R”) атауы пайда
болса, оны жойыңыз.
Содан кейін 1 және 3 аралығындағы қадамдарды қайталаңыз.
ЕСКЕРТПЕ
Soundbar құрылғысы теледидарға алғашқыда қосылған соң, қайта қосылу үшін “BT READY
режимін пайдаланыңыз.
Soundbar құрылғысын теледидардан ажырату
Жоғарғы панельдегі немесе қашықтан басқару құралындағы астапқы көз) түймесін
басыңыз және BT” режимінен басқа кез келген режимге ауысыңыз.
Ажырау процесі біраз уақыт алады, себебі теледидар Soundbar құрылғысынан жауап алуы
керек. (Қажетті уақыт теледидар үлгісіне байланысты әртүрлі болуы мүмкін.)
Soundbar құрылғысы мен теледидар арасындағы автоматты Bluetooth байланысынан бас
тарту үшін, Soundbar құрылғысы BT READY” күйінде тұрғанда, қашықтан басқару пультіндегі
p
(Ойнату/уақытша тоқтату) түймесін 5 секунд басып тұрыңыз. (Қосу → Өшіру)
BT READY және BT PAIRING режимдерінің айырмашылығы қандай?
BT READY : Бұл режимде алдында жалғанған теледидарларды іздеуге немесе алдында
жалғанған ұялы құрылғыларды Soundbar құрылғысына қосуға болады.
BT PAIRING : Бұл режимде жаңа құрылғыны Soundbar құрылғысына жалғауыңызға болады.
(Қашықтан басқару құралындағы PAIR түймесін басыңыз немесе Soundbar құрылғысы BT
режимінде болған кезде Soundbar құрылғысының жоғарғы жағындағы астапқы көз)
түймесін 5 секундтан астам басып тұрыңыз.)
ЕСКЕРТПЕЛЕР
Bluetooth құрылғысын қосып жатқанда PIN код сұраса, <0000> мәнін енгізіңіз.
Bluetooth байланысы режимінде, егер Soundbar мен Bluetooth құрылғысы арасындағы
қашықтық 10 м асса, Bluetooth байланысы жоғалады.
Дайын күйде болғанда 18 минут өтсе, Soundbar автоматты түрде өшеді.
Мына жағдайларда Soundbar құрылғысы Bluetooth құрылғысын іздемеуі мүмкін немесе оған
дұрыс қосылмауы мүмкін:
Soundbar құрылғысының айналасында күшті электр өрісі болса.
Бірнеше Bluetooth құрылғысы Soundbar құрылғысына бір уақытта жұптастырылса.
Егер Bluetooth құрылғысы өшірулі болса, өз орнында болмаса және дұрыс жұмыс
істемесе.
Электрондық құрылғылар радиокедергілердің пайда болуына себеп болуы мүмкін.
Микротолқынды пеш, сымсыз LAN құрылғылары және басқа да электромагниттік толқын
шығаратын құрылғыларды Soundbar негізгі құрылғысынан алшақ ұстаңыз.

Содержание

Похожие устройства