KAZ - 19
BT READY және BT PAIRING режимдерінің айырмашылығы қандай?
BT READY : Бұл режимде алдында жалғанған теледидарларды іздеуге немесе алдында
жалғанған ұялы құрылғыларды Soundbar құрылғысына қосуға болады.
BT PAIRING : Бұл режимде жаңа құрылғыны Soundbar құрылғысына жалғауыңызға болады.
(Қашықтан басқару құралындағы PAIR түймесін басыңыз немесе Soundbar құрылғысы BT
режимінде болған кезде Soundbar құрылғысының жоғарғы жағындағы астапқы көз)
түймесін 5 секундтан астам басып тұрыңыз.)
ЕСКЕРТПЕЛЕР
Bluetooth құрылғысын қосып жатқанда PIN код сұраса, <0000> мәнін енгізіңіз.
Bluetooth байланысы режимінде, егер Soundbar мен Bluetooth құрылғысы арасындағы
қашықтық 10 м асса, Bluetooth байланысы жоғалады.
Дайын күйде болғанда 18 минут өтсе, Soundbar автоматты түрде өшеді.
Мына жағдайларда Soundbar құрылғысы Bluetooth құрылғысын іздемеуі мүмкін немесе оған
дұрыс қосылмауы мүмкін:
Soundbar құрылғысының айналасында күшті электр өрісі болса.
Бірнеше Bluetooth құрылғысы Soundbar құрылғысына бір уақытта жұптастырылса.
Егер Bluetooth құрылғысы өшірулі болса, өз орнында болмаса және дұрыс жұмыс
істемесе.
Электрондық құрылғылар радиокедергілердің пайда болуына себеп болуы мүмкін.
Микротолқынды пеш, сымсыз LAN құрылғылары және басқа да электромагниттік толқын
шығаратын құрылғыларды Soundbar негізгі құрылғысынан алшақ ұстаңыз.
Soundbar SBC деректерін (44,1 кГц, 48 кГц) қолдайды.
Тек A2DP (AV) функциясын қолдайтын Bluetooth құрылғысына қосыңыз.
Тек HF (Hands Free) функциясын қолдайтын Bluetooth құрылғысына Soundbar жүйесін қосу
мүмкін емес.
Soundbar жүйесін Bluetooth құрылғысына жұптағаннан кейін, құрылғының сканерленген
құрылғылар тізімінен [AV] Samsung Soundbar Q90Rтармағын таңдау Soundbar жүйесін “BT
режиміне автоматты түрде өзгертеді.
Soundbar құралы Bluetooth құрылғысының жұпталған құрылғыларының тізімінде болса
ғана қолжетімді. (Bluetooth құрылғысы мен Soundbar бұрын кем дегенде бір рет
жұпталуы қажет.)
Soundbar құралы Bluetooth құрылғысының ізделген құрылғылар тізімінде Soundbar
көрсетілген кезде ғана пайда болады “BT READY”.
Bluetooth режимінде тұрған және басқа Bluetooth құрылғысымен жұптастырылған Soundbar
құрылғысын басқа Bluetooth құрылғысымен жұптастыру мүмкін емес.